Құрметті оқырмандар!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты ғылыми-зерттеуорталығы ретінде жұмыс істейтін Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ай сайынғы «Азия Еуропа» журналының 40-шы санына келіп жеттік. Алғашқы санынан бастап осы күнге дейін Еуразия кеңістігіндегі маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік оқиғалар мен өзгерістерді төрт тілде талдап, оқырмандарға ұсынатын «Азия Еуропа» журналы бүкіл Еуразия аймағындағы, әсіресе түркі әлемі мен Орталық Азиядағы ғылыми зерттеулерге үлес қосуға және аймақ туралы ақпаратпен бөлісуге бағытталған. Журналымыздың 40-шы санында да осы қағида шеңберінде мазмұнға толы ақпаратты ұсынып отырмыз
PDF