Қадірлі де құрметті оқырман қауым!
Бір айлық үзілістен кейін «Азия Еуропа» журналының 2016 жылдың қыркүйек-қазан айларындағы санын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Журналдың бұл санында Түркия Жеке мектептер ассоциациясының Жоғары консультативтік кеңесінің төрағасы, Түрік Парламент мүшелері одағының Жоғары ақылшылар кеңесінің мүшесі, Түркия палаталар мен биржалар одағы және Түркия білім кеңесінің төрағасы ф.ғ.д. Юсуф Экинджимен сұхбат жүргіздік. Ол Исмаил Гаспыралының өмірбаяны, білім беру жүйесін реформалауға қатысты ойлары мен Еуропа мәдениеті туралы көзқарастары сияқты өте маңызды тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі және шынайы түрде жауап берді. Осы орайда Юсуф Экинджи мырзаға алғысымызды білдіреміз.