2024 жылы 6 қарашада Қырғызстанның ұйымдастыруымен Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XI саммиті өтті. Саммитке Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Президенті Ерсін Татар, Түрікменстанның Бішкектегі Елшісі Нуры Голлиев және ТМҰ бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлие қатысты. Сонымен қатар, Саммитке ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің президенті мен Түркі ынтымақтастық ұйымдарының президенттері де қатысты (ТМҰ, 2024).
Саммит алдында ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтіп, көшбасшылар қол қоятын құжаттар бойынша қорытынды талқылаулар өтті. Бішкек саммитінің тақырыбы «Түркі әлемін нығайту: экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және барлығы үшін қауіпсіздік» деп белгіленді. Бұл жалпы перспективада түркі әлемінде, әсіресе ТМҰ мүше мемлекеттерде ынтымақтастықты тереңдету мен әртараптандыру бағытында көптеген қадамдар жасалған Саммит болды (ТМҰ, 2024).
Бішкек саммитінде қабылданған шешімдер ТМҰ стратегиялық көзқарасын кеңейтуге және мүшелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Экономикадан тіл мен мәдениетке, технологиядан қауіпсіздікке дейін көптеген салаларда маңызды шешімдер қабылданып, құжаттарға қол қойылды. Солардың ішіндегі ең қызықтысы «Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім», тіпті болашақта ТМҰ корпоративтік бірегейлігі аясында қолшатыр қағидатқа айналуы мүмкін (ТМҰ, 2024, ҚазАқпарат, 2024). Бұл құжат Түркі әлемінің ортақ құндылықтарын, мәдениеті мен болмысын қорғауға бағытталған күш-жігердің нақты көрсеткіші болып саналады. Екінші жағынан, ол мүше мемлекеттер арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайта отырып, ТМҰ-ның халықаралық аренадағы жаһандық актер ретіндегі ұстанымын күшейтуге ықпал етеді.
2021 жылы 12 қарашада Ыстамбұлда өткен VIII Саммитте ТМҰ ретінде қайта құрылымдаудан кейін алға қойылған болашақ көзқарас және әрбір Саммитте қол қойылған қолдар елдер арасындағы институционалдық қарым-қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Бұл қадамдар бір-бірінен кейін біріккен әрекеттер ретінде де көрінеді. Мысалы, ТМҰ IX саммитінде экономикаға қатысты мәселелер алдыңғы қатарда болса, X саммитте энергетика және аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударылды (ТМҰ, 2023; 2022). Келесі үдерістерде бұрын алға қойылған мәселелердің жүзеге асырылып жатқанын көреміз. Олардың ішіндегі ең жарқын мысалдарының бірі 2023 жылы 16 наурызда Анкарада өткен ТМҰ кезектен тыс саммитінен кейін Ыстамбұлда Түркі инвестициялық қорының құрылғаны (Тархан, 2024). Бұл қор ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі-өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы экономикалық дамуына жәрдемдесу арқылы мүше елдердің өркендеуіне үлес қосуға бағытталған.
XI Саммитте бұл жан-жақты серпіліс үдерісі жалғасып, ТМҰ мүше мемлекеттердің үкіметтер арасында Цифрлық экономика саласындағы серіктестік туралы келісімге, орталық банктер кеңесін құру туралы меморандумға және Жасыл қаржы жөніндегі Түркі кеңесін құру жөніндегі түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осылайша әрбір саммитте мүше мемлекеттердің экономикалары бір-біріне жақындай түседі (ТМҰ, 2024). Бұл келісімдер мүше елдер арасындағы цифрлық сауданы тиімдірек етуге және қаржылық инфрақұрылымды нығайтуға кең мүмкіндік ашып отыр. Бұл тұрғыда мүше елдер арасындағы сауда көлемін арттыруға және цифрландыру арқылы ортақ экономикалық интеграциялық негіз құруға мүмкіндік береді. Көріп отырғанымыздай, ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграция феномені әр түрлі салалардағы серпілістермен бір-бірімен біріктіріліп жатыр.
ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы бұл интеграциялық күш-жігер тек үкіметаралық қарым-қатынастармен шектелмейді, сонымен қатар қоғамдардың бір-бірімен жақынырақ танысуы мен бірігуіне маңызды мүмкіндіктер береді. Осы күш-жігердің арқауын құрайтын тіл және әліпби тану аясында ортақ түркі әліпбиінің қабылдануы тарихи маңызды қадам болып саналады. 34 әріптен тұратын бұл әліпби ТМҰ елдері арасындағы тіл бірлігін қамтамасыз ету жолындағы нақты қадам әрі білім беруден медиа мен цифрлық платформаларға дейін барлық салада тиімдірек қарым-қатынас құралдарын ұсынады (Түркия Республикасы Коммуникациялар басқармасы, 2024). Сонымен бірге Ұлы түрік тілі үлгісі түркі әлеміндегі тілдік бірігуді нығайтып, мәдени байланыстарды дамытады. Мұндай тілдік жобалар түркі халқының ортақ болмысын дамыту үдерісіне ықпал етумен қатар, мәдени мұраны сақтау мен жеткізуге де қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, 2023 жылдың қарашасында Түркі ақпарат агенттіктері қауымдастығының (ATNA) құрылуы осы интеграцияның коммуникациялық аспектіндегі ең маңызды серпілістердің бірі болып табылады (Рехимов, 2024). Белгілі болғандай, Әзірбайжан қазір латын әліпбиін қолданып жатыр, ал Қазақстан 2017 жылы басталған латын әліпбиіне көшу үдерісі жалғастырылып жатыр.
Елдер мен қоғамдар арасындағы бірігудің негізін құрайтын осы екі саладан бөлек көптеген түрлі мәселелер бойынша қадамдар жасалуда. Солардың ішінде коммерциялық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосатын жобалардың бірі – Орта дәліз (ТМҰ, 2024). Бішкек саммитінің негізгі күн тәртібінің тармақтарының бірі болып табылатын «Орта дәліз» жобасы ТМҰ-ға мүше елдердің көлік, инфрақұрылым және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Осы тұрғыда жалпы инфрақұрылымдық үйлесімділікті арттыру арқылы маршрут елдері үшін маңызды сауда желісі болуды мақсат етеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған XI Саммит барысында Орта дәлізді тиімді пайдалану үшін арнайы өкілді тағайындауға дайындықтың жалғасып жатқанын мәлімдеді (Түркия Республикасы Коммуникациялар басқармасы, 2024). Осылайша, Орта дәлізді дамыту мүше елдердің екіжақты және жаһандық нарықтарға шығуын жеңілдетеді, шығындарды азайтады және аймақтық сауданы ынталандырады.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны бақылау және тұрақты даму шеңберінде Жерді бақылауға арналған технологиялық спутнигін құру туралы жобасы ТМҰ елдеріне қоршаған орта факторларын және климаттың өзгеруін бақылау сынды мәселелер жөнінде деректер беру арқылы қоршаған ортаны басқаруда ортақ шешімдерді шығаруға көмектеседі. Бұл спутниктік жоба мүше елдердің экологиялық тұрақтылық стратегияларында белсенді рөлге ие болады, сондай-ақ экологиялық қауіптерден аймақтық қорғаныс қалқанын жасайды. Екінші жағынан, Азаматтық қорғаныс механизмі табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде мүше елдер арасында жылдам әрі үйлестірілген әрекетті қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша, гуманитарлық көмек мүмкіндігінше тезірек жеткізіледі (ТМҰ, 2024).
Саммит аясында кеңейту және тану тұрғысынан да маңызды оқиғалар орын алды. СКТР президенті Ерсін Татардың басқа лидерлермен бір платформада болуы ТМҰ-ның тәуелсіз түркі мемлекеттерін бір шаңырақ астында біріктірудегі табандылығын көрсетеді. Сонымен қатар, Венгрияның ТМҰ-мен қарым-қатынасын тереңдете түсуі, сондай-ақ, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің жоғары орденімен» марапаттау ТМҰ кеңейіп келе жатқан ұйым ретінде өзінің мәдени және дипломатиялық ықпал аясын арттырғанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл Саммитте Түркі әлемінің құндылықтарын байытуға үлес қосқан тұлғалар да марапатталды. Түркі әлемінің бірлігіне қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санжарға «ТМҰ-ның Әлішер Науаи атындағы сыйлығы» берілді (TRT Haber, 2024; ТМҰ, 2024).
ТМҰ Бішкек саммитінде ұйымға мүше елдердің әл-ауқатын арттыруды ғана емес, сонымен қатар аймақтық тұрақтылық пен гуманитарлық мәселелерде күшті актер болуды мақсат ететінін тағы бір мәрте паш етті. Бұл пайымдау ТМҰ-ның көршілес аймақтардағы оқиғаларға сезімталдықпен қарау және ортақ мүдделерге, саяси байланыстарға немесе гуманитарлық мәселелерге сәйкес белсенді жауапкершілікті қабылдау қажеттілігіне баса назар аударады. ТМҰ-ның бұл көзқарасы аймақтық мәселелердегі ынтымақтастық пен ынтымақтастыққа негізделген ортақ дауыспен жаһандық сахнада күшті ұстанымға ие болуды көздейді.
ТМҰ Оңтүстік Кавказ және Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қолдауға қатысты нақты ұстанымды ұстанып, бітімгершілік үдерісінің жалғасу керектігіне баса мән берді. ТМҰ мүшелері Әзірбайжанмен ынтымақтаса отырып, Қарабақ жеңісін дипломатиялық жолмен нығайтуға ниетті. Бұл көзқарас ТМҰ-ның Оңтүстік Кавказдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа деген табанды ұстанымы мен ерік-жігерін көрсетеді (ТМҰ, 2024).
Палестина мен Газа мәселесі ТМҰ-ның адами құндылықтарға негізделген көзқарасын көрсетеді. Газадағы гуманитарлық дағдарыс жағдайында ТМҰ соғысты шұғыл тоқтатуға шақырып, Палестина халқының құқықтарын қорғау мен гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізуге шақырды. Сол сияқты Украинада жалғасып жатқан қақтығыстардың аймақтық қауіпсіздікке кері әсері күн тәртібінде ұсталып, тұрақты бейбітшілік орнатуға қолдау көрсетіледі (ТМҰ, 2024).
Бішкек саммитінде төрағалық мерзімі Қазақстаннан Қырғызстанға өтті. Қазақстанның ТМҰ кезеңіндегі төрағалығы кезінде Түркі әлемінің бірлігін нығайту мен ынтымақтастықты тереңдету бағытында маңызды қадамдар жасалды. «Түркі дәуірі» ұранымен мәдени-тарихи байланыстарға тоқталған 80-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, ортақ түркі әліпбиінің қабылдануы сынды тарихи оқиғаларға мұрындық болды. Сауда, экономика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты арттырып, Түркі инвестициялық қоры сияқты құрылымдар арқылы экономикалық интеграцияны ынталандырды. Орта дәліздің стратегиялық маңыздылығына мән беріліп, тасымалдау саласындағы бірлескен келісімдердің маңыздылығына баса назар аударылды (Ақорда, 2024).
Бішкек Саммитінде қол қойылған барлығы 16 құжат ТМҰ институттандыру және интеграциялық күш-жігерінің маңызды нақты көрсеткіштері ретінде ерекшеленеді. Бұл құжаттар экономикалық және цифрлық интеграцияны нығайту, сондай-ақ, ортақ тіл мен мәдениет саласындағы келісімді қамтамасыз ету сынды негізгі мәселелерді шешу арқылы ТМҰ институционалдық құрылымының көп өлшемді негізге ие болуына ықпал етеді.
Саммиттің маңызды тақырыптары Исмаил Гаспыралының «Тілде, пікірде, істе – бірлік» идеясын нақты қадамдармен жүзеге асырудың жол картасын құрайды, сонымен қатар экономика, тіл, технология, әлеуметтік мәселелер мен басқа да салаларда көзқарастың ортақ екені анық. Қазақстаннан Қырғызстанға ТМҰ кезеңдік төрағалығының ауысуымен ТМҰ басшылығында жаңа дәуір басталады. ТМҰ-ның стратегиялық басымдықтары төрағалық кезінде жан-жақты қарастырылады деп күтілуде, бұл барыста Қырғызстан цифрландыру мен тұрақты даму тақырыптарымен ерекшеленеді деп межелеуге болады.
Дереккөз:
Ақорда (2024). Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты. Сілтеме: https://www.akorda.kz/kz/prezident-turki-memleketteri-uyymynyn-sammitine-katysty-61056. Қаралған уақыты: 08.11.2024.
Kazinform (2024). Түркі мемлекеттері ұйымының Бішкек саммитінде Түркі әлемінің хартиясы қабылданды. Сілтеме: https://en.inform.kz/news/turkic-world-charter-adopted-at-ots-summit-in-bishkek-bf184c/. Қаралған уақыты: 08.11.2024.
Рехимов, Руслан (2024). Түркі ақпарат агенттіктері қауымдастығының төрағалар кеңесінің алғашқы отырысы Шушада өтті. Сілтеме: https://www.aa.com.tr/tr/gundem/susada-turk-haber-ajanslari-birliginin-yonetim-kurulunun-ilk-toplantisi-yapildi/3281572. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
Тархан, Мұхаммет (2024). Түркі мемлекеттері ұйымының Бішкек саммитінде түркі әлемінің стратегиялық басымдықтары айқындалады. Сілтеме: https://www.aa.com.tr/tr/gundem/turk-devletleri-teskilatinin-biskek-zirvesi-turk-dunyasinin-stratejik-onceliklerini-belirleyecek/3383558. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
Түркия Республикасы Коммуникациялар басқармасы (2024). Президент Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің XI саммитінде сөз сөйледі. Сілтеме: https://www.iletisim.gov.tr/turkce/haberler/detay/cumhurbaskani-erdogan-turk-devletleri-teskilati-devlet-baskanlari-konseyi-11-zirvesinde-konustu. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
Түркі мемлекеттері ұйымы (2024). Түркі мемлекеттері ұйымының декларациясы XI саммиті Бішкек. Сілтеме: https://www.turkicstates.org/tr/haberler/turk-devletleri-teskilati-11-zirvesi-biskek-bildirisi_3476. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
Түркі мемлекеттері ұйымы (2024). Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті өтті. Сілтеме: https://www.turkicstates.org/tr/haberler/turk-devletleri-teskilatinin-on-birinci-zirvesi-biskekte-duzenlendi_3475. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
Түркі мемлекеттері ұйымы (2023). Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитінің Астана декларациясы. Сілтеме: https://www.turkicstates.org/tr/haberler/turk-devletleri-teskilati-10-zirvesi-astana-bildirisi_3113. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
Түркі мемлекеттері ұйымы (2022). Түркі мемлекеттері ұйымының IX саммитінің Самарқанд декларациясы. Сілтеме: https://turkicstates.org/tr/haberler/turk-devletleri-teskilati-9-zirvesi-semerkant-bildirisi_2679. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
TRT Haber (2024). Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан «Түркі әлемінің жоғары орденімен» марапатталды. Сілтеме: https://www.trthaber.com/haber/turk-dunyasi/macaristan-basbakani-orbana-turk-dunyasi-ali-nisani-verildi-886843.html. Қаралған уақыты: 07.11.2024.
Бұл блогта жарияланған пікірлер автордың жеке көзқарастары болып табылады, институттың көзқарасын білдірмейді.
Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директордың орынбасары болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.