Бүгінгі таңда ауылшаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің әр ел үшін стратегиялық маңызы бар екендігі мәлім. Себебі көптеген елдер үшін миллиондаған жұмыс орындары мен миллиардтаған кіріс әкелетін ауылшаруашылық секторы үлкен маңызға ие. Экономикасы ауылшаруашылығына негізделген елдерде бұл сектор экономикалық өсудің негізгі көздерінің бірі ретінде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) маңызды бөлігін құрайды.