Ресей – Қазақстанның сауда және инвестиция бойынша маңызды экономикалық серіктестерінің бірі. Екі ел бірлесіп көптеген маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Алайда, Украинаның оккупациялануы мен халықаралық санкциялар мен қысымдарға байланысты Ресеймен экономикалық ынтымақтастық Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдері үшін айтарлықтай шығынға ұшырау қаупін тудырады. Сондықтан бұл түсініктеме Ресейдің Қазақстан экономикасындағы рөлін талдауға, экономикалық ынтымақтастықтан туындайтын ықтимал тәуекелдерді ашып көрсетуге және саяси ұсыныстар беруге бағытталған. Екі ел арасындағы екіжақты сауда көрсеткіштерін талдау тауар айналымының көлемі айтарлықтай өскенін көрсетеді.

