Ресейдің Украинаға басып кіруі Ресей азаматтарының өмірінің әртүрлі салаларына әсер етті. Ресей үкіметіне қысым көрсетуге бағытталған бірқатар экономикалық санкциялар бүкіл Ресей бойынша мыңдаған бизнестің қызметін шектеуге, сондай-ақ ресейлік азаматтардың жұмысынан айырылуына немесе олардың табысының төмендеуіне әкелді. Экономикалық дағдарыс немесе рецессия кезінде еңбек мигранттары жиі зардап шегеді. Ресей 2020 жылы 12 миллионнан астам иммигрантпен әлемдегі көші-қон мәселесінде көш бастап тұрған елдердің бестігіне кіретінін ескерсек, олар үшін санкциялардың салдары айтарлықтай зор болмақ.