2015 жылдан бері Еуразия ғылымизерт теу институты Еуразия аймағында болып жатқан экономикалық, саяси, мәдени және әлеуметтік маңызды өзгерістерді қамтитын апталық электрондық бюлле теньді жариялап, оқырмандардың наза рына ұсынып келеміз. Институтымызда қызмет ететін сарапшы мамандарымыз бен институмыздан тыс мамандар дайын даған сараптамалық мақалалар бес жыл дан бері Түркия, Қазақстан және Еуразия елдерінің көптеген ғалымдары, дипломат тары мен саясаткерлері және оқырман дарымыз тарапынан үлкен сұранысқа ие болып келеді. Еуразия ғылымизерттеу ин ституты, Еуразия аймағының орталығын да орналасудың тиімділігін пайдалана отырып жүргізген ғылыми зерттеулерінің арқасында тек ғылыми ортада ғана емес, әр салада көптеген оқырманның көңілі нен шығып үлгерді. Осылайша әр салада шешім қабылдаушы тұлғаларға қажетті жаңа идеялар ұсынумен қатар, Еуразия аймағы бойынша ғылыми зерттеулерге де өз үлесін қосуда.
2019 жылы да Еуразия аймағында эконо мика және саяси бағытта көптеген өзгері стер орын алды. Бұлардың ең маңыздысы аймақтың көлік дәліздері бойында орна ласу тиімділігіне байланысты бүгінге дейін жасалған және жоспарланып жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары бо лып табылады.

