Халықаралық сауда Өзбекстан үшін өте маңызды рөл атқарады. Ел мақта, жеміс-жидек пен көкөністерді қамтыған ауылшаруашылық өнімдерін жеткізушілердің бірі болуда. Тәуелсіздік алғаннан бері Өзбекстан біртіндеп реформалар жасай бастады. Ел экономикасының ерекшелігі, импортты алмастыру саясатын жүргізіп, ішкі нарықтың қатты қорғалғандығында болды. Сонымен қатар, Өзбекстан экспортты қарқынды түрде қолдады. Алайда қазіргі президент Шавкат Мирзиёев жүзеге асырған жаңа ашық экономикалық саясат арқылы ел саудаға байланысты көптеген мәселелерге көзқарасын өзгертті.
PDFАзимжан Хитахунов Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып табылады. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бакалавр, магистр және PhD дәрежелерін алды (PhD докторлық бағдарламасын Италияның Болонья қаласында орналасқан Джонс Хопкинс Университеті Жетекші халықаралық зерттеулер мектебімен бірлесе отырып аяқтады).