2000 жылдың 31 қазанында Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі «Әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздік» күн тәртібі шеңберінде маңызды шешім қабылдады. 1325 (2000) қарар жанжалдардың алдын алу мен шешудегі және бейбітшілік орнатудағы әйелдердің маңызды рөлін қуаттап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау және ілгерілету жөніндегі жұмыстарға әйелдердің тең дәрежеде және толық қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Дәурен Әбен «Қайнар» университетінде (Алматы, Қазақстан) халықаралық қатынастар бойынша магистратурасын тәмамдаған және Монтерей халықаралық зерттеулер институтында (Калифорния, АҚШ) халықаралық саяси зерттеулер бойынша магистр дәрежесін иемденіп, таратпау зерттеулері, қақтығыстарды шешу және саудалық дипломатия бойынша сертификаттар алған. Бұдан бұрын ол Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде аға жоба менеджері және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.