Соңғы кездерде Молдова, Украина және Грузия еуропалық интеграция жолында белсенді ынтымақтастықта болды. Үш мемлекет те 2014 жылы Еуропалық одақпен (ЕО) серіктестік келісімшарттарына қол қойды. 24 маусымда Брюссельде үш елдің Сыртқы істер министрлері ЕО-ның Сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Борреллмен «Associated Trio» атты жаңа ынтымақтастық форматы аясында кездесті. Бұл үш елдің сыртқы істер министрліктері мен ЕО-ның 2021 жылғы 17 мамырдағы бұрынғы келіссөздерінде ынтымақтастықтың жаңа форматы ретінде ұсынылған болатын.
PDFҚанат Маханов Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол бизнес-экономика саласында бакалавр дәрежесін 2012 жылы КИМЭП Университетінде алған. 2014 жылы ол Испанияның Виго Университетінде “Испания автономиялық облыстары мен Қазақстан облыстарынданың өнеркәсіптік мамандандырылуы” тақырыбына арналған ғылыми жұмысын аяқтап экономика саласында магистр дәрежесіне ие болды.