1960 және 1970 жылдарда Еуропада аз таралған экологтардың шағын қозғалыстарынан Жасылдар бүгінде жақтастары молайып, ықпалды саяси партияларға айналды және қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдеріндегі саяси өмірдің маңызды бөлігі болып отыр. Бүгінгі таңда Еуропадағы және әлемнің басқа аймақтарындағы жасыл партиялар сайлауда басқа саяси партиялармен бәсекелесуге толық қабілетті болып, жергілікті және ұлттық мәжілістерде орын алып келеді. Мысалы ретінде Германияның Жасылдар партиясының 2021 жылғы Германия федералдық сайлауындағы жеңісін атасақ, бұл кезде Жасылдар 15 пайызға жуық дауыс жинап, Бундестагтағы орын саны бойынша үшінші орынды иеленді [Eu.boell.org, 2021] Бұл Еуропадағы экологиялық көзқарастардың дамуындағы тағы бір қадам.
PDFҚанат Маханов Ахмет Йассауи Университетінің Еуразия Ғылыми-Зерттеу Институтында ізденуші ретіде жұмыс істейді. Ол бизнес-экономика саласында бакалавр дәрежесін 2012 жылы КИМЭП Университетінде алған. 2014 жылы ол Испанияның Виго Университетінде “Испания автономиялық облыстары мен Қазақстан облыстарынданың өнеркәсіптік мамандандырылуы” тақырыбына арналған ғылыми жұмысын аяқтап экономика саласында магистр дәрежесіне ие болды.