Мәдени-гуманитарлық салалардағы зерт- теулер, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру көптеген елдер үшін әрдайым қиын болған және қиын болып қала беруде. Гуманитарлық және мәдени іс-шаралардың негізінде олардың айтарлықтай табыс әкелмеуі және технологиялық немесе жаратылыстану ғылымдарындағыдай коммерцияландыру үшін қолайсыз болуы мәселесі бар. Жалпы, әр түрлі қорлар мен арнайы бағдарламалар қосымша қаржыландыру көзі болғанына қарамастан, мұндай жобалардың шығындары мемлекеттік бюджеттің есебінен жабылады.

