Коронавирус пандемиясының кесірі әлем бойынша барлық салаға әсер етіп жатқаны байқалып отыр. Жаздың келуімен туризм саласы қайта жанданады деп күтілді. Алайда, пандемияның кері әсерінен өткен жылдардағы турист ағыны бұл жылы мүлдем байқалмайды. Вирустың таралуы жоғары болғандықтан, басқа салалармен қатар, туризм саласы да бірқатар шараларды қолдана отырып, туристердің сенімін арттыруға тырысады.