Әлемдегі қазақ диаспорасы көптеген тарихи оқиғалардың нәтижесінде қалыптасқаны белгілі. Қазақстан тарихында қазақтар өз Отанынан басқа елдерге тек ерекше жағдайларда – саяси, экономикалық және діни қысымның, бүліктер мен соғыстардың, геноцид пен аштықтың нәтижесінде, әсіресе Кеңес одағының алғашқы кезеңінде кеткен. Сондықтан олар көбінесе мәжбүрлі көші-қон деп аталатын жағдайларға байланысты қоныс аударды. Жалпы, қазақтар көрші елдерге қашып, жан сауғалады. Кейбіреулері Еуропа елдеріне, тіпті мұхиттың ар жағынан өтіп, Америкаға бас сауғаласа, басқалары тарих бойы шекаралардың өзгеруіне байланысты шетелде қалып қойып, сол жерде өмір сүруді жалғастырды.
PDF