Қытай астрологиясында айтылғандай, 2017 Тауық жылы Қытай үшін саяси, экономикалық және әскери даму тұрғысынан өте жемісті болды деп айтуға болады. Өйткені 2017 жылы 6,9%-дық көрсеткішпен қарқында және тұрақты экономикалық өсім үрдісін сақтаған Қытай, әскери салада да көзге көрінерлік жетістіктерге жетті. Қытайда 2015 жылдан бері жүргізіліп жатқан әскери реформаларға әсіресе 2017 жылы тіпті де серпін берілді. Осыған байланысты, ұлттық қорғаныс және әскери салалардағы реформаларын тереңдете түскен Қытай, әскери оқу-жаттығуларды арттырумен қатар, әсіресе, қорғаныс өнеркәсібінде елеулі табыстарға қол жеткізді.
Ең алдымен, реформа үдерісінде әскери және азаматтық салалар арасындағы интеграцияны қадағалау мақсатында жаңадан жоғары деңгейдегі әскери комиссияның құрылуы, Қытайдың 2017 жылғы әскери реформаларындағы елеулі өзгерістердің бірі болды. Мысалы, 2017 жылы 22 қаңтарда Пекинде Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) Орталық саяси бюросы Тұрақты комитетінің шешімімен Орталық әскери және азаматтық интеграцияны дамыту комиссиясы (ОӘАИДК) құрылды. Қарар бойынша, ОӘАИДК әскери және азаматтық интеграцияға қатысты маңызды мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі шешімдер қабылдайтын орталық үйлестіру комитеті ретінде барлық әскери және азаматтық интеграциялық іс-қимылдарға жауапты болады. Тікелей ҚКП Орталық саяси бюросы Тұрақты комитетіне қарайтын ОӘАИДК-нің басшысы да ҚКП Бас хатшысы әрі Қытай Төрағасы Си Цзиньпин. [1] 2017 жылы 20 маусымда Сидің басшылығымен өткен ОӘАИДК 1-ші отырысында комитеттің құрылымдық жұмыс тәртібі, стратегиялық басымдықтары мен жергілікті бөлімдерін құру туралы шешімдер қабылданды. [2] Қысқа мерзім ішінде түрлі деңгейдегі 31 жергілікті бөлімі құрылған ОӘАИДК-нің 2-ші отырысы да 2017 жылы 22 қыркүйекте Сидің басшылығымен өткізілді. [3] Әсілінде 2013 жылдың наурызында Си тарапынан алға қойылған әскери және азаматтық интеграция мәселесі, 2015 жылы наурызда ұлттық стратегия деңгейінде қарастырылып, 2015 жылы қазанда жарияланған Қытайдың XIII Бесжылдық даму жоспарындағы стратегиялық басымдықтарының біріне айналған болатын. Сонымен қатар, Қытайдың III Бесжылдық даму жоспары аясындағы 100 ірі жобаның 40-ы әскери және азаматтық интеграциямен байланысты. [5] Сөйтіп, жоғары деңгейдегі ОӘАИДК-нің жаңадан құрылуы және жылдам дамуы, Пекиннің әскери және азаматтық интеграцияның қажеттілігіне ерекше мән беріп, қорғаныс өнеркәсібін нығайтуды көздегенін көрсетеді. Өйткені 2017 жылы ОӘАИДК аясында қабылданған шешімдер мен жоспарлардың қорғаныс өнеркәсібіне бағытталған атап өткен жөн. Мысалы, 2017 жылы қыркүйекте өткен ОӘАИДК-нің 2-ші отырысында «XIII Бесжылдық ұлттық қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми-технологиялық даму жоспары», «XIII Бесжылдық кезеңде әскери логистикаға саласындағы әскери және азаматтық интеграцияны тереңдету қарары» және «Ұлттық қорғаныс өнеркәсібінің ғылыми-технологиялық дамуында әскери және азаматтық интеграцияны тереңдету туралы қарар» қабылданған болатын. [3] Аталған жағдайлар Қытайдың жекеменшік секторының қорғаныс өнеркәсібіне қатысуын тездете түсті. Мысалы, Қытайдың Ұлттық қорғаныс технологиясы университетінің 2016 жылғы мәліметтері бойынша, елдегі жоғары технология саласында 80 мыңнан астам жекеменшік компания бар болып, олардың 1%-ға жетер-жетпесі ғана қорғаныс өнеркәсібіне қатысқан. [6] Ал, 2017 жылдың қыркүйегіне дейін қорғаныс өнеркәсібіне қатысқан жекеменшік компаниялардың саны 1700-ден асқан. [7]
Қорғаныс және әскери саладағы реформаларды тереңдетуге басымдылық берген Пекин, 2017 жылы алғаш рет қорғаныс бюджетін 1 трлн. юанға жеткізді. Мысалы, 2017 жылы 5-15 наурызда Пекинде өткен Бүкілқытайлық халық өкілдерінің XII құрылтайының 5-ші жалпы отырысында Қытайдың 2017 жылғы қорғаныс бюджеті 2016 жылға қарағанда 7%-ға арттырылып 1,0444 трлн. юан (шамамен 163 млрд. доллар) болып бекітілді. Бұл сома Қытайдың ЖІӨ-нің 1,38%-на сәйкес келеді. [8] Атап айтқанда, соңғы 10 жылда Қытайдың жылдық қорғаныс бюджеті ЖІӨ-нің шамамен 1,33%-на тура келген еді. 2010 жылдан бастап жыл сайын екі орынды сандық көрсеткішпен өскен Қытайдың қорғаныс бюджеті, 2016 жылы 954,354 млрд. юанға (шамамен 149 млрд. доллар) жетіп, жылдық артуы алғаш рет бір орынды сандық көрсеткішке түсіп 7,6% болған еді. [9] Ал 2017 жылы Қытайдың қорғаныс бюджетінің айтарлықтай өсуі елдегі қорғаныс және әскери саладағы реформалармен тікелей байланысты. Аталған реформалар жалғасып жатқандықтан, алдағы жылдарда Қытайдың қорғаныс бюджеті жалғасты арта түседі деп айтуға болады. Ұлыбританияның IHS Markit компаниясының 2016 жылғы «Jane’s Defence Budgets» есебіне қарағанда, Қытайдың қорғаныс бюджетінің 2020 жылы 233 млрд. долларға жететіні, ал 2025 жылы барлық Азия-Тынық мұхиты елдерінің қорғаныс бюджетінің қосындысынан асып түсетіні болжануда. [10]
Сонымен қатар, 2017 жылы Қытай Халық азаттық армиясының (ҚХАА) командалық құрамы мен басқару жүйесіндегі реформалар тереңдетіліп, тұтас армияда қайта құрылымдау жүргізілді. Мысалы, 2017 жылы 18 сәуірінде Си ҚКП Орталық әскери істер комитетінің төрағасы ретінде қайта құрылымдалған бірінші дәрежелі 84 әскери құрылым мен әскери бөлімнің басшыларын қабылдады және арнайы бұйрықтар берді. Осылайша, бүкіл елдегі бірінші дәрежелі барлық 171 әскери құрылым мен әскери бөлімнің 84 болып қайта құрылымдалғаны белгілі болды. 2017 жылы 27 сәуірде ҚКП Орталық әскери істер комитеті Қытай Құрлық армиясының бұрынғы 18 қосынының 13 қосын болып қайта құрылымдалғанын хабарлады. [12] 2017 жылы тамызда қайта құрылымдалған 13 қосынның командирлері мен саяси комиссарлары қайта тағайындалды. [13] Аталмыш тағайындалулардан кейін, 13 қосынның басшылық кеңесінің 90%-ы, әскери бригада командирлерінің 40%-ы және әскери жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары басшыларының 50%-ы ауыстырылды. [14] 2017 жылы 26 тамызда ҚХАА Бас штабының басшысы мен Қытай Құрлық армиясының бас қолбасшысы ауыстырылды. Сондай-ақ, 2017 жылы тұтас Қытай армиясында полк командирлерінен жоғары командалық құрамның 30%-ы қысқартылды. [13] Қытай армиясының барлық командалық деңгейіндегі өзгерістердің тұтас армиядағы реформалау мен қайта құрылымдауға байланысты туындағанын айтуға болады. 2015 жылы қыркүйекте әскер санын 13%-ға яғни 300 мыңға қысқартатынын мәлімдеген Қытайдың бұл қысқартудың бір бөлімін 2017 жылы жүзеге асыруға тырысқаны байқалады. Бірақ, Қытай, құрлық әскерлерінің кейбір бөлімдерін тарату немесе қайта құрылымдау арқылы әскер санын қысқартуға тырысқанымен, керісінше теңіз армиясын кеңейтуге де күш салуда. Мысалы, 2017 жылы 7 ақпанда Қытай Құрлық армиясы 1-ші қосыны 1-ші дивизиясы, ал 2017 жылы 15 ақпанда Қытай Құрлық армиясы 26-шы қосыны 77-ші моторлы техникалы жаяу әскерлер бригадасы Қытай теңіз армиясының құрамына өтті. [16] Сондықтан Қытайдың әскери-теңіз күштерін кеңейтуде теңіз жаяу әскерлеріне көбірек басымдылық бергенін айта аламыз. Өйткені 1980 жылы құрылған Қытай Теңіз армиясының Теңіз жаяу әскерлері арнайы жеке әскери бөлім болғанымен, қармағындағы екі бригадасымен Оңтүстік Қытай теңіз флотының құрамында болып, арнайы басшылық құрылымы болмады. Дегенмен, Қытай теңіз армиясының кеңеюіне байланысты 2017 жылы мамырда Теңіз жаяу әскерлерінің арнайы қолбасшылығы құрылды. Алдағы кезеңде, бұрынғы 20 мың жауынгері бар Қытай Теңіз жаяу әскерлерінің 100 мыңға дейін кеңейтілуі мүмкін. [17] [16]
Қытай армиясының құрылымдық реформаларымен қатар, әскери оқу орындары, әскери зерттеу институттары мен әскери оқу-жаттығу орындарында да кешенді реформалар жүргізілді. Мысалы, 2017 жылы 29 маусымда Қытай Қорғаныс министрлігі елдегі 67 әскери оқу орынның 43 болып қайта құрылымдалғанын жариялады. 2017 жылы 7 шілдеде Қытай Қорғаныс министрлігі Өнеркәсіп және технологиялар комитеті бірінші кезекте елдегі 41 әскери зерттеу институтын әскери заводтарға ауыстыру туралы қара қабылдады. [19] 2017 жылы 19 шілдеде Си ҚКП Орталық әскери істер комитетінің төрағасы ретінде қайта құрылымдалған әскери оқу орындары, әскери зерттеу институттары мен әскери оқу-жаттығу орындарының командирлерін қабылдады. Кездесуде қайта құрылымдалған Қытай қорғаныс өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты, Қытай ұлттық қорғаныс университеті және Қытай ұлттық қорғаныс технологиялары университетіне әскери ту табысталды. [19] Сондай-ақ, 2017 жылы 24 шілдеде ҚКП Орталық әскери істер комитетіне қарасты Әскери ғылыми-зерттеуді үйлестіру комитеті құрылды. Қытай баспасөзіне қарағанда, жаңадан құрылған комитет жоғары технологиялық әскери қаруларды зерттеу және дамыту жұмыстарына жауапты болмақ. [20] Қытайдың әскери оқу орындары, әскери зерттеу институттары мен әскери оқу-жаттығу орындарындағы қайта құрылымдау мен өзгерістер, Пекиннің қорғаныс өнеркәсібінің технологиялық және ғылыми өресін көтеруге ерекше мән беруінің нақты мысалдары болып табылады.
Әртүрлі реформалар арқылы қарулы күштерін модернизациялау жолында маңызды қадамдар жасаған Қытай, 2017 жылы қорғаныс өнеркәсібінде стратегиялық маңызға ие жоғары технологиялық өз қаруларын өндіру мен дамытуда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тұрғыда, жоғары деңгейдегі жаңа буын баллистикалық зымырандарын сынған және жариялаған Қытай Ракеталық армиясы көш бастады. Мысалы, 2017 жылы қаңтарда Қытай Ракеталық армиясы сұйық отын қолданылатын DongFeng 5C (DF-5C) құрлықаралық баллистикалық зымыранын алғаш рет сынақтан өткізді. Қытай армиясында 1981 жылдан бастап қолданылып келе жатқан DF-5 типті баллистикалық зымыранының DF-5A (1983) және DF-5B (2015) үлгісінен кейінгі дамытылған нұсқасы саналатын DF-5C зымыраны 75 мың тонна TNT (Тринитротолуол) күшіндегі 10 дана ядролық оқтұмсығын шамамен 16 мың шақырымға дейін жеткізе алатыны белгіліп болып отыр. [21] [22] 2017 жылы сәуірде Қытай Ракеталық армиясы қазірге дейін Қытайдың ең ұзақ қашықтықтағы құрлықаралық баллистикалық зымыраны болып саналатын DF-41 құрлықаралық баллистикалық зымыранының қолданысқа дайын екенін жарияланды. Қытайлық мамандардың айтуынша, қатты отын қолданылатын DF-41 зымыранының салмағы 60 тоннадан астам, ұзындығы 16,5 метр және диаметрі 2,78 метр болып, 12,5 мың шақырымға жетеді. Нысанадан ауытқуы тек қана 100 метр болатын DF-41 зымыраны 6-10 дана ядролық оқтұмсығын тасымалдай алады. Сондай-ақ, «Қытайдың бас қаруы» деп аталған DF-41 құрлықаралық баллистикалық зымыранының 2018 жылы Қытай армиясында қолданысқа кіретіні болжануда. [23] [24] 2017 жылы шілдеде Қытай Ракеталық армиясы қолданыстағы DF-31 (1998) және DF-31A (2005) тиіпті құрлықаралық баллистикалық зымыранның дамытылған нұсқасы DF-31AG зымыранын алғаш рет жария етті. DF-31A зымыранына қарағанда тіпті де жоғары технологиямен жабдықталған DF-31AG зымыраны өте қуатты болып 11,5 мың шақырымға дейін жетеді және толық басқарылатын көп оқтұмсығын тасымалдай алады. [25] Онсыз да бірқатар кемелерге қарсы зымырандар, қысқа және орташа қашықтықтағы баллистикалық зымырандармен жабдықталған Қытай Ракеталық армиясының, әсіресе, соққысы өте жойқын құрлықаралық баллистикалық зымырандарға мән беруін, Қытайдың қорғаныс өнеркәсібіндегі маңызды стратегиялық қадамы ретінде қарастыруға болады. Себебі, Қытайдың жоғары қозғалыс жылдамдығына, көп мақсатты оқтұмсығы мен жоғары дәлдікте соққы беру қабілетіне ие аталмыш құрлықаралық баллистикалық зымырандары АҚШ бастаған көптеген елдерге қауіп төндіруі мүмкін.
2017 жылы Қытайдың қорғаныс өнеркәсібінің өзге де маңызды жетістіктері, әсіресе, әскери кеме өндіру саласында жарыққа шықты. Атап айтқанда, 2017 жылды Қытайдың әскери кеме өндірісіндегі ең маңызды бұрылыс кезеңі деп санауға болады. Себебі, 2017 жылы теңіз флотын бірқатар озық деңгейдегі корветтер, эскадралық миналы кемелер және құтқару кемелерімен жабдықтаған Қытай өзінің алғашқы отандық ұшақ тасымалдаушы кемесін де теңізге түсірді. Мысалы, 2017 жылы 26 сәуірде, Қытайдың әскери-теңіз флотының өзі өндірген алғашқы 001A типті ұшақ тасымалдаушы кемесі елдің солтүстік-шығысындағы Далянь портында суға түсірілді. 2013 жылы қарашада жасала басталып, 2017 жылы сәуірде суға түсірілген аталмыш ұшақ тасымалдаушы кемесі 2019 жылы қолданысқа кіреді деп күтілуде. [26] 001A типті ұшақ тасымалдаушы кемесінен бұрын Қытайдың өзі өндірген ұшақ тасымалдаушы кемесі болмаған еді. Қытайдың теңіз флотында қолданысындағы «Liaoning» (001) ұшақ тасымалдаушы кемесі әсілінде бұрынғы Кеңес одағы өндірген ұшақ тасымалдаушы кеме болатын. Қытай оны 1998 жылы Украинадан 20 млн. долларға сатып алып, ұзақ жөндеуден кейін 2012 жылы қыркүйекте теңіз флотына қосқан еді. [27] Осы тұрғыдан алғанда, Қытайдың өзі өндірген алғашқы ұшақ тасымалдаушы кемесі болып саналатын 001A ұшақ тасымалдаушы кемесі Қытайдың қорғаныс өнеркәсібі үшін өте маңызды. Жалпы, 2017 жылы Қытайдың әскери-теңіз флотына 2 дана 052D типті эскадралық миналы кеме, 8 дана 056А типті корвет, 2 дана 054А типті басқарылмалы ракеталық фрегат, 1 дана 901 типті құтқару кемесі және 1 дана 815А типті барлау кемесін қамтыған 30-ға жуық өздері өндірген соғыс кемелері қосылды. [28] [26] Алғашқысы 2014 жылдың наурызында қолданысқа кірген 052D типті соғыс кемесі Қытайдың 052C тибінен кейін өзі өндірген жаңа буын эскадралық миналы кемесі болып, көп функциялы радар және тік атылатын ракеталы-зенитті қондырғымен жабдықталып, әуе шабуылынан қорғануға бағытталған. Қазіргі уақытта Қытайдың әскери-теңіз флотының қолданысында 6 данасы бар. [29] Қытайдың 056 типті корветінің жақсартылған нұсқасы болып табылатын 056A типті корветі, 2013 жылдың наурыз айынан бастап Қытайдың әскери-теңіз флотында кеңінен қолданылып қазірге дейін 39 данасы әскери қызмет атқаруда. Ұзындығы 89 метр және ені 11,6 метр болатын 056А типті корветі Қытайда кеңінен қолданылумен қатар, Бангладеш пен Нигерия сияқты елдерге де экспортталады. [30] [31] Алғашқы және жалғыз данасы – «Hulun Lake» (965) 2017 жылы қыркүйекте қолданысқа берілген 901 типті жеткізу кемесі, Қытайдың бұрынғы 903 типті жеткізу кемесінің жаңартылған жаңа буыны ретінде шалғай теңізге арналған логистикалық жеткізу кемесі болып табылады. Жалпы ұзындығы 241 метр, ені 32 метр және биіктігі 10,8 метр болатын 901 типті жеткізу кемесі, арнайы танкерлік сыйымдылықпен қатар, жоғары деңгейдегі логистикалық, қорғаныс және шабуыл мүмкіндіктеріне ие. [32] Сондай-ақ, 2017 жылы маусымда Қытайдың қазірге дейінгі ең ірі әскери кемесі 055 типті эскадралық миналы кемесінің алғашқысы суға түсірілді. Бастапқыда 1968 жылы басталған кеме жұмысы 1981 жылы тоқтатылып, 2009 жылы қайта қалға алынған болатын. Ұзындығы шамамен 183 метр, биіктігі 22 метр және салмағы 11 мың тонна болатын 055 типті эскадралық миналы кемесінің өте жоғары деңгейдегі әуе және теңіз қорғаныс мүмкіндіктері бар болып, Қытайдың әскери-теңіз флоты үшін айырықша маңызға ие болады деп қаралуда. [33]
2017 жылы баллистикалық зымырандар мен әскери кеме жасауда стратегиялық жетістіктерге жеткен Қытай, әскери авиация және ғарыш саласында да айтулы табыстарға қол жеткізді. Мысалы, 2017 жылы наурызда Қытайдың бесінші буын соғыс ұшағы саналатын радарға түспейтін Chengdu J-20 жойғыш ұшағының қолданысқа берілгені белгілі болды. 2011 жылы қаңтарда алғашқы ұшу сынағынан өткен J-20 жойғыш ұшағы алғашқы рет 2016 жылы қарашада таныстырылған болатын. Қос қозғалтқышты J-20 жойғыш ұшағы алыс аралықтарға сағатына 2100 километрлік жылдамдықпен 6 дана алыс аралықты зымыран мен 2 дана қысқа аралықты басқарылатын зымыранды алып ұша алады. J-20 жойғыш ұшағының бірқатар озық техникалық ерекшеліктерімен әлемнің ең мықты бесінші буын ұшақтары саналатын F-22 Raptor мен F-35 Lightning II-ден ғана кейін тұратынын айтуға болады. [34] Сонымен қатар, 2017 жылы сәуірде Қытайдың Tianzhou-1 ғарыш жүк кемесі Tiangong-2 ғарыш станциясына табысты түрде жалғанды. Бұл жағдай, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан ғарыштық бағдарламаларға үлкен мән беріп отырған Қытай үшін әскери авиация және ғарыш саласындағы тамаша жетістік деуге болады. [35] Қытайдың Chengdu J-20 жойғыш ұшағы мен Tianzhou-1 ғарыш жүк кемесі сынды әскери авиация және ғарыш саласындағы жетістіктері елдің әскери күші тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.
Қорытып айтқанда, 2017 жылы Қытайдың ұлттық қорғаныс және әскери реформаларын тереңдетіп, қарулы күштерін модернизациялауды жеделдетумен қатар, қорғаныс өнеркәсібінде стратегиялық маңызға ие жетістіктерге жетуі тосын жағдай емес. Өйткені, 2017 жылы ҚХАА құрылғанының 90 жылдығына сәйкес келді. Мысалы, 2017 жылы 30 шілдеде ҚХАА құрылғанының 90 жылдығына орай 12 мыңнан астам әскер, 129 әскери ұшақ пен 571 әскери техниканың қатысуымен өткізілген әскери шеру де Қытайдың соңғы жылдардағы әскери техникалық жетістіктерін көрсеткен болатын. [36] Сондай-ақ, Қытайдың шетелдегі алғашқы әскери базасы құрылған 2017 жылды Қытайдың әскери дамуындағы маңызды бұрылыс кезеңі деуге болады. Мысалы, 2017 жылы тамызда Қытай өзінің шетелдегі алғашқы әскери базасы – Джибути әскери базасына әскери кемелерін жіберді. [37] Бұл, Қытайдың 1958 жылы Солтүстік Кореядан әскерін шығарғаннан бері шетелге ұзақ уақытқа алғаш рет әскер жіберуі. Джибутидің сауда және стратегиялық орынының маңыздылығымен қатар, онда АҚШ, Франция және Жапонияның әскери базаларының орналасқанын ескерсек, Қытайдың Джибутиде әскери базасын құруы стратегиялық маңызға ие. Өйткені бұл, экономикалық даму тұрғысынан әлемде алға шыққан Қытайдың әскери даму тұрғысынан әлемдік көшбасшы болуға құлшынып отырғанының бір көрінісі болмақ. Қытай қаншалықты «бейбіт дамуға» тырысса да, соңғы жылдары экономикалық дамумен қатар әскери дамуға да айырықша көңіл бөлінгенін айта аламыз. Қытайдың әскери дамуға баса назар аударуының астарында өзінің аймақтық және жаһандық геосаяси және геостратегиялық мүдделері жатыр. Әсіресе соңғы жылдары шиеленісе түскен Оңтүстік Қытай теңізі мәселесі, Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі, Тайвань мәселесі және АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы THAAD зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құруға талпынысы Қытайдың ерекше алаңдаушылығын туғызып отыр. Сондықтан, 2015 жылдан бастап кешенді реформалар шеңберінде Қытай армиясының құрылымдық жүйесін нығайту және әскери модернизацияны жеделдетуге барынша күш салған Пекин, армияның басшылық құрылымы мен басқару жүйесінде ҚКП-ның ықпалын арттыруға және тұтас әскери бөлімдерді бір орталықтан басқаруға үлкен мән берді. 2017 жылы қазанда өткен ҚКП XIX құрылтайында Си, 2035 жылға дейін Қытай армиясының толықтай жаңа заманауи қарулармен жабдықталатынын, ал 2050 жылға дейін әлемнің ең күшті армиясына айналатынын мәлімдеген болатын. Шын мәнінде, Қытайдың 2017 жылы әскери дамуы елдегі соңғы әскери стратегиялық өзгерістерді көрсетеді. Алдағы уақытта, Қытайдың әскери даму деңгейі оның саяси және экономикалық дамуына, сондай-ақ ұлттық стратегиялық мақсаттарына байланысты болады.
Asılında, Çin’in 2017’daki askeri gelişmeleri, ülkenin son dönemdeki askeri stratejik değişimlerini yansıttığı söylenebilir. Önümüzdeki dönemde ise, Çin’in askeri gelişme seviyesi ülkenin siyasi, ekonomik gelişmelerine ve ulusal stratejik amaçlarına bağlı olarak devam edebilecektir.
Kaynaklar:
- 中共中央政治局召开会议(ÇKP Merkez Politbüro Yürütme Komitesi toplandı). Alınan yer: http://news.xinhuanet.com/politics/2017-01/22/c_1120363831.htm Erişim tarihi: 19.02.2018
- 习近平主持召开中央军民融合发展委员会第一次全体会议(Xi Jinping Merkez Askeri-Sivil Entegrasyon Geliştirme Komisyonu 1. Toplantısı’na başkanlık etti). Alınan yer: http://www.mod.gov.cn/shouye/2017-06/20/content_4783364.htm Erişim tarihi: 19.02.2018
- 习近平:向军民融合发展重点领域聚焦用力(Xi Jinping: askeri-sivil entegrasyonunu geliştirmeye odaklanmalıyız). Alınan yer: http://www.xinhuanet.com/politics/2017-09/22/c 1121709932.htm Erişim tarihi: 20.02.2018
- 十八大以来,习近平这样部署军民融合(ÇKP 18. Ulusal Kongresi’nden bu yana Xi Jinping askeri-sivil entegrasyonunu uygulamaya koydu). Alınan yer: http://china.chinadaily. com.cn/2017-07/26/content_30250787.htm Erişim tarihi: 20.02.2018
- “十三五”体现中国国家战略的百大工程项目(“13. Beş Yılda” Çin’in ulusal stratejisini yansıtan büyük 100 proje). Alınan yer: http://www.xinhuanet.com/politics/2016lh/2016-03/05/c 1118240939.htm Erişim tarihi: 20.02.2018
- 军民融合上升为国家战略(Asker-sivil entegrasyonu ulusal stratejiğe dönüştü). Alınan yer: http://www.cinic.org.cn/index.php?m=content&c=index&a=show&catid=16&id=386989 Erişim tarihi: 20.02.2018
- 军民融合突破在即(Asker-sivil entegrasyon alanında büyük atılım). Alınan yer: http://www.stcn.com/2017/0926/13661298.shtml Erişim tarihi: 21.02.2018
- 2017年中国国防支出预算约1万亿元增长7%(Çin’in 2017 yıllık savunma bütçesi 1 trilyon yuana çıkarak %7 arttı). Alınan yer: http://www.mof.gov.cn/zhengwuxinxi/ caijingshidian/xinhuanet/201703/t20170307_2547990.html Erişim tarihi: 21.02.2018
- 国防预算增7% 破万亿(Savunma bütçesi %7 artarak 1 trilyon yuana ulaştı). Alınan yer: http://www.wenxuecity.com/news/2017/03/03/6069059.html Erişim tarihi: 21.02.2018
- 2016’s $1.57 Trillion Global Defence Spend to Kick off Decade of Growth, IHS Markit Says. Alınan yer: http://news.ihsmarkit.com/press-release/2016s-15-trillion-global-defence-spend-kick-decade-growth-ihs-markit-says Erişim tarihi: 21.02.2018
- 全军新调整组建84个军级单位,习近平发布训令(Tüm ordunun birinci sınıf askeri kurum ve askeri birimleri 84 olarak yeniden yapılandırıldı ve Xi Jinping talimatlar verdi). Alınan yer: http://news.xinhuanet.com/politics/2017-04/19/c_129550371.htm Erişim tarihi: 22.02.2018
- 以原18个集团军为基础,调整组建13个集团军(Önceki 18 ordu temelinde 13 ordu yeniden yapılandırıldı). Alınan yer: http://www.mod.gov.cn/info/2017-04/27/content 4779505.htm Erişim tarihi: 22.02.2018
- 13个集团军主官人选均确定,原有集团军主官全换岗 (13 ordunun yeni komutanları belirlendi, önceki komutanları tamamen değiştirildi). Alınan yer: http://www.thepaper. cn/newsDetailforward1765430 Erişim tarihi: 22.02.2018
- 陆军探索走开干部大范围交流路子(Kara kuvvetlerinde büyük çapta komuta kademesi değiştiriliyor). Alınan yer: http://www.81.cn/jfjbmap/content/2017-12/09/content 193865.htm Erişim tarihi: 22.02.2018
- 中央军委联合参谋部参谋长李作成会见巴基斯坦陆军参谋长(Genelkurmay Başkanı Li Zuocheng Pakistan Kara Kuvvetleri Başkomutanı ile görüştü). Alınan yer: http://www.the paper.cn/newsDetail_forward_1775796 Erişim tarihi: 23.02.2018
- 解放军海军陆战队扩编7旅10万兵(ÇHKO Deniz Piyadeleri 7 tugaya ve 100 bine dek genişletilecektir). Alınan yer: http://news.takungpao.com/mainland/focus/2017-03/ 3432285.html Erişim tarihi: 23.02.2018
- 海军陆战队新领导层亮相(ÇHKO Deniz Piyadeleri’nin yeni komutanları belirlendi). Alınan yer: http://www.guancha.cn/politics/2017_05_28_410553.shtml Erişim tarihi: 23.02.2018
- 国防部公布调整改革后军队院校名称(Savunma Bakanlığı yeniden yapılandırılan askeri okulları açıkladı). Alınan yer: http://www.mod.gov.cn/topnews/2017-06/29/content 4783986.htm Erişim tarihi: 26.02.2018
- 国防科工局召开军工科研院所转制工作推进会(Savunma Bakanlığı Sanayi ve Teknoloji Dairesi askeri araştırma enstitülerini değiştirmeye yönelik toplantı yaptı). Alınan yer: http://www.sastind.gov.cn/n112/n117/c6793425/content.html Erişim tarihi: 26.02.2018
- 中央军委军事科学研究指导委员会今年诞生(ÇKP Merkez Askeri Komisyonu Askeri Bilimsel Araştırma Yönlendirme Komitesi kuruldu). Alınan yer: http://www.thepaper.cn /newsDetail_forward_1741323 Erişim tarihi: 26.02.2018
- China Tests Missile With 10 Warheads. Alınan yer: http://freebeacon.com/national-security /china-tests-missile-10-warheads/ Erişim tarihi: 27.02.2018
- 中国新版东风5C导弹都有哪些超越(Çin’in yeni nesil DF-5C balistik füzesinin özellikleri nedir). Alınan yer: http://mil.news.sina.com.cn/jssd/2017-12-07/doc-ifypnsin6720934.shtml Erişim tarihi: 27.02.2018
- 中国火箭军或已部署两个东风41导弹旅(Çin Roket Kuvvetleri’nin eki tugayı DF-41 balistik füzeleriyle donatılmıştır). Alınan yer: http://mil.news.sina.com.cn/jssd/2017-02-07/doc-ifyafcyw0544932.shtml Erişim tarihi: 28.02.2018
- 央视罕见披露中国洲际弹道导弹东风-41(CCTV, Çin’in DF-41kıtalararası balistik füzesini tanıttı). Alınan yer: http://m.news.cctv.com/2017/11/27/ARTI9VUMsHTzkFJW zqMH8zM1171127.shtml Erişim tarihi: 28.02.2018
- 东风31AG导弹搭载了这项黑科技(DF-31AG füzesi yüksek kabiliyetlere sahip). Alınan yer: http://mil.news.sina.com.cn/jssd/2017-12-06/doc-ifypikwu1557380.shtml Erişim tarihi: 28.02.2018
- 2017年海军新增“利器”大盘点(2017’de Deniz Kuvvetleri “büyük silahları” envantere ekledi). Alınan yer: http://www.mod.gov.cn/photos/2017-12/20/content_4800342.htm Erişim tarihi: 01.03.2018
- 辽宁号航空母舰(Liaoning Uçak Gemisi). Alınan yer: https://baike.baidu.com/item/%E8% BE%BD%E5%AE%81%E5%8F%B7%E8%88%AA%E7%A9%BA%E6%AF%8D%E8%88%B0 Erişim tarihi: 01.03.2018
- 盘点中国海军2017年入列的16艘新战舰(2017’de Çin Deniz Kuvvetleri’nin filolarına yeniden eklenmiş 16 askeri gemi). Alınan yer: https://m.sohu.com/a/212450017_685252? f=m-article10feeds6 Erişim tarihi: 02.03.2018
- 052D型驱逐舰缩小甚至追平与海军强国技术差距(052D sınıfı füze güdümlü destroyeri güçlü devletlerle aramızdaki teknolojik farkı azalttı hatta kapattı). Alınan yer: http://military. people.com.cn/n1/2017/0429/c1011-29244676.html Erişim tarihi: 05.03.2018
- 056系列第39艘(056 sınıfı korvetin 39’uncu âdeti). Alınan yer: http://mil.qianlong.com/ 2017/1130/2213940.shtml Erişim tarihi: 05.03.2018
- Kyle Mizokami. A Look at China’s Growing International Arms Trade. Alınan yer: https://news.usni.org/2015/05/07/a-look-at-chinas-growing-international-arms-trade Erişim tarihi: 05.03.2018
- 我国新型综合补给舰901型首舰呼伦湖号交接入列(Çin’in yeni 901 sınıfı ikmal gemisinin ilki Hulun Lake hizmete girdi). Alınan yer: http://www.guancha.cn/military-affairs/2017_09_01_425345.shtml Erişim tarihi: 06.03.2018
- 等了49年!中国航母编队第一艘舰队旗舰终于要下水(Çin’in bu yana 49 yıl bekleten büyük füze güdümlü destroyerinin ilki denize indirildi). Alınan yer: http://blog.sina.com.cn/ s/blog_6a043dea0102wtxw.html Erişim tarihi: 06.03.2018
- 歼-20已经进入人民空军序列(Chengdu J-20 hayalet uçağı kullanıma verildi). Alınan yer: http://www.guancha.cn/military-affairs/2017_03_09_398016.shtml Erişim tarihi: 07.03.2018
- Tianzhou-1 uzay aracı Tiangong-2 uzay laboratuvarına başarılı kenetlendi. Alınan yer: http://www.xinhuanet.com/english/europe/2017-04/25/c_136234672.htm Erişim tarihi: 07.03.2018
- 建军90周年阅兵最受瞩目的十大武器装备(ÇHKO kuruluşunun 90. yıldönümünu kutlama töreninde dikkat çeken 10 büyük silah). Alınan yer: http://military.people.com.cn/ n1/2017/0730/c1011-29437426.html Erişim tarihi: 12.03.2018
- 中国人民解放军驻吉布提保障基地成立(ÇHKO’nun Cibuti’deki askeri üssü kuruldu). Alınan yer: http://www.xinhuanet.com/2017-07/11/c_129652748.htm Erişim tarihi: 12.03.2018
Ескерту: Бұл блогта айтылған пікірлер автордың жеке пікірі болып табылады және Институттың редакциялық саясатына сәйкес келмеуі мүмкін.

