Түркия энергия өндіруші елдер мен тұтынушы елдер арасындағы энергия тасымалында бірегей көпір қызметін атқарады. Еуропалық нарыққа бағытталған «Түрік ағыны» табиғи газ құбыры Ресейдің табиғи газын Қара теңіз арқылы Түркияға, одан ары Еуропа елдеріне жеткізуді қамтамасыз ететін жоба ретінде Түркияның позициясын одан әрі нығайта түсуде. Бұл құбыр Ресейдің Анапа жағалауынан басталып, 930 шақырымы Қара теңіз астынан өтіп, Тракия жағалауымен Түркияға жетеді.

