Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин төртінші президенттік мерзімге тағайындалғаннан кейін 2018-2024 жж. аралығында федералдық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүзеге асырылатын 150 міндеттен тұратын жаңа Мамыр жарлықтарын шығарған болатын. Бұл құжат белгілі бір дәрежеде Ресей үкіметінің алдағы алты жылға арналған елдің дамуы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын айқындауына байланысты зор маңызға ие.