Әлемдегі халық ең көп қоныстанған екі ел – Қытай мен Үндістан арасындағы нақты бақылау сызығы (LAC) бойында 2020 жылы 5 мамырда басталған шекара қақтығысы Пекин мен Дели қарым-қатынасындағы бұрыннан бар шиеленістің қайта күшеюіне себеп болды. Атап айтқанда, 2020 жылы 15 маусымда Ладах аймағындағы Галван өзенінің аңғарында екі тараптың әскерлері арасында қақтығыс болды. Шекаралас аймақта соңғы 45 жылда болған алғашқы қантөгіс салдарынан 20 үнді әскері мен 43 қытай әскерінің қаза табуы, Қытай мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне алып келді.

