Әлеуметтану мен өмір туралы бірқатар зерттеулер кедейшілікте өмір сүру түрмеге түсу, баспанасыз қалу, жалғыз басты ата- ана болу, орта мектепті тастап кету және тіпті жастай мерт болу ықтималдығын айтарлықтай арттыратынын көрсетеді. Сонымен қатар, кейбір зерттеулер кедейлік пен одан туындайтын күйзелістің мидың дамуына, атап айтқанда мәселелерге қалай талдау жасайтынымыз мен шешетінімізге, мақсаттарға қалай талпынын, қаншалықты алға ұмтылатынымызға әсер ететінін дәлелдейді. Қысқаша айтқанда, ғылым кедейлік пен күйзеліс адамдарға қиындықтардан шығу үшін ең қажет дағдылар мен мінез-құлыққа нұқсан келтіретінін дәлелдеді.

