Заманымызды екі мың жылдан бұрынғы дәуірмен салыстырғанда, заманауи өркениет, технология және коммуникацияның артықшылығына алдану оңай болуы мүмкін. Қанша уақыт өткеніне қарамастан қиялымызға симайтын сол кезеңнің жетістіктерінің бірі – ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолы тек жарқын тарихи құбылыс қана емес, бүкіл жолындағы және айналасындағы халықтар үшін маңызды тәжіріибе.
PDFФилософия ғылымдарының докторы (PhD) Жандос Ранов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Халықаралық қатынастар бөлімін бітірді. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика және әкімшілік ғылымдар факультетінің Экономика бөлімінде магистр дәрежесін алды. Кейінірек сол университетте Есеп және аудит кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.