Халық санының орнықты өсуін қамтамасыз ету көптеген елдердің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда көптеген дамыған елдер, ең алдымен Батыс елдері халық саны жылдам қарқынмен азайып бара жатқан елдердің тізіміне кіреді. Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму стандарттарына сәйкес, бір әйелдің тұтас өмірінде туатын балаларының орташа саны болып табылатын, тұрақты халық санын қамтамасыз ететін туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) бір әйелге шаққанда шамамен 2,1 бала.
Қазіргі таңда Женгизхан Жаналтай Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директордың орынбасары болып жұмыс атқарады. Ол 2010 жылы КИМЭП университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесiн тамамдаған. Магистратурасын 2014 жылы КИМЭП университетінің халықаралық қатынастар бөлімінде «Оралмандарың Қазақстан қоғамына интеграциясы: Түркия қазақтары» атты диссертациясыны қорғап тамамдайды.