Тәуелсіздік алғаннан кейінгі демократияның дамуы мен тамырлануы тұрғысынан Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде танылған Қырғызстанда көптеген өзгерістер болды. Соңғы рет, 2021 жылғы 11 сәуірінде Қырғызстанда конституциялық референдум мен жергілікті кенес сайлауы қатар өтті. Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) қортынды мәліметі бойынша, елдегі 2483 сайлау учаскесінде жергілікті кенеш сайлауына 1,295,096 (39,09%) адам, ал референдумға 1,338,717 (37.12%) адам дауыс берген. Референдумға қатысқандардың 79,37%-ы жаңа конституция жобасын қолдап дауыс берсе, ал 13,67%-ы қарсы болды.

