2022 жылдың 15-16 қыркүйегінде саясаткерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының назары Самарқандта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) жыл сайынғы саммитіне ауды. Еуразия құрлығында күрделі саяси және экономикалық өзгерістер орын алып жатқан осы кезеңде пандемиядан кейін алғаш рет мемлекет басшыларының кездесуі аймақтағы маңызды оқиға ретінде бағаланатыны сөзсіз. Жоғары деңгейдегі қонақтардың саны, қол қойылған құжаттар мен іс-шарадан тыс өткізілген кездесулер саммиттің маңыздылығын аңғартады.
PDF
Доктор Альбина Муратбекова - Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері. Альбина шығыстану ғылымдарының PhD докторы. Сонымен қатар, EUCACIS PhD докторанттарды қолдау бағдарламасының стипендиаты, Фудан Университетінің стипендиаты, Кембридж Университетінің шақырылған студенті және Ланчжоу Университетінің алмасу бағдарламасының студенті болған. Бұрын Нархоз және АлмаЮ университеттерінің халықаралық бөлімдерінде университеттің интернационалдандыру стратегиясын енгізу бойынша жұмыс атқарды.