Ауданы шамамен 398 мың км2 болатынКаспий теңізі әлемдегі ең ірі құрлықішілік су айдыны болып табылады. Каспийде көмірсутегі шикізатының үлкен қорларымен қатар, әлемдік бекіре тұқымдас балық қорының 90%-ы шоғырланған. Мұнда Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың 20-дан астам түрі мекендеп, өсімдіктердің 20-ға жуық түрі өседі. 1991 жылға дейін Каспий теңізіндегі халықаралық қатынастарды тек екі құжат ғана реттеген. Олар: 1921 жылғы Ресей мен Персия арасындағы шарт және 1940 жылғы Кеңес Одағы мен Иран арасындағы сауда және теңізде жүзу туралы шарт.

