Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) 2018 жылдың 31 қаңтарында жариялаған есебіне сәйкес, 2017 жылы жеке тұлғалардың еуроға жасаған инвестициялары басқа қаржы құралдары арасында ұлттық валютадағы эквивалентте ең тиімдісі болды. 2017 жылы еуромен ашылған депозиттер шамамен 15,3%-дық табыс өсіміне әкелді. Оның үстіне, 2017 жылы ешқандай инвестициясыз ақшаны еурода сақтау кірістердің шамамен 13,1%-ға өсуін қамтамасыз етті.
Данияр Нурбаев Еуразия Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының ізденушісі болып жұмыс атқарады. Данияр, 2013 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетін бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие болды. Осыған қоса, 2015 жылы Қазақстан-Британ Техникалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды. 2014 жылы Ұлыбританиядағы University Campus Suffolk жоғарғы оқу орнында ғылыми жазғы курстарына қатысты.