COVID-19 пандемиясы әлемдік деңгейде әртүрлі шектеулер енгізіліп, ұлттық деңгейде қосымша шаралар қолданылумен қатар, барлық елдердің экономикалық өсу болжамына кері әсерін тигізді. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша, 2020-2021 жылдардағы әлемдік экономикадағы жалпы шығын шамамен 12 триллион АҚШ долларына жетеді.

