Жаңа Жібек Жолы стратегиясы аясында Қытай «Жібек жолы экономикалық бел- деуі» және «XXI ғасырдың теңіз Жібек жолы» жобаларын қамтитын ұзақ мерзімді стратегиялық «Бір белдеу – бір жол» бастамасын жүзеге асыруға бағытталған. 2013 жылдың қыркүйек айында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға сапары барысында жарияланған «Бір белдеу – бір жол» бастамасы Еуразияда инфрақұрылым мен экономикалық байланыстарды арттыру бойынша даму стратегиясы ретінде ұсынылды.

