Дүние жүзіндегі сауда теңгерімдері мен тенденцияларына көз жүгіртсек, Азия құрлығындағы экономикалардың тұрақты өсуі нәтижесінде әлемдік экономиканың орталығы Азия елдеріне қарай ойыса бастағанын көреміз. Бұл оқиғалар көптеген елдердің орта және ұзақ мерзімді сауда қатынастарында өздерінің құрылымдарын қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Осы тұрғыда Түркия 2010 жылдан бастап Азия-Тынық мұхиты елдерімен қарым-қатынасты жақсарту стратегиясына сәйкес жаңа экономикалық және сауда саясатын жасау бойынша 2019 жылдың тамыз айында Азияға бет бұру бастамасын жариялады.

