Әлемдегі 200 миллионнан артық түбі бір Түркі халықтары қазіргі таңда латын, кирилл және араб графикаларына негізделген неше түрлі әліпби үлгісін қолдануда. Салдарынан аталмыш әліпбилер мен олардың орфографиялық үлгісі бір-бірінен өте алшақ болып, Түркі тілдерінің дыбыстық құрылымының жақындығы мен туыстығы ескерілмей келеді. Алайды, тәуелсіз Түркі елдерінде соңғы жылдары өзекті мәселеге айналған латын әліпбиіне көшу үдерісі, латын негізіндегі ортақ Түркі әліпбиін қалыптастыруға деген үмітті арттыра түсуде.