1. Кіріспе
Бұл тиісті әдебиеттерде жаһандану үдерісі елдердің ауыл шаруашылығын дамыту үшін елеулі проблемаларды туындататын жалпы қабылданған мәселе. 1950 жылдардан бастап жеделдеген әлемдік сауда-саттық ауыл шаруашылығындағы жаһанданудың феноменін күн тәртібіне шығарды. 90-жылдардың ортасынан бастап ауыл шаруашылығы және жаһандану Дүниежүзілік сауда ұйымының аясында ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Ауыл шаруашылығы және жаһандану мәселесі бойынша мемлекеттердің мүдделері мен корпоративтік мүдделер бәсекелесіп, кейде қақтығысып қалатын жағдайға жетті. Еркін сауда мен ауыл шаруашылығында протекционизм дилеммасы – ХХІ ғасырдағы экономикалық қақтығыстардың түп тамыры болатындығы анық.
Әлемдік ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасында дамыған елдердің (70%) басымдылығы бар. Осы тұрғыдан, жаһандану үдерісінің бел омыртқасы болып саналатын «еркін сауда» бұл елдердің қорына одан әрі пайда әкелетіні рас. Екінші жағынан, жаһанданудың тасымалдаушылары болып табылатын халықаралық корпорациялар кішігірім фермерлік шаруашылықтарға зиян келтіретін жүйені құруда. Сондай-ақ, жаһандану ауыл шаруашылығында табиғи ресурстардың қорғалуы себебінен, биологиялық қарақшылық сияқты заңсыз іс-әрекеттер жеделдеуде және тамақ арқылы тарайтын ауруларының таралу жылдамдығы артып келеді. Қорытындылай келе, жаһандану үдерісі дүние бойынша ауыл шаруашылығындағы бәсекелестікті күшейтіп, өндірісті арттырып және еңбек өнімділігін өсіргеніне қарамастан, әлемдегі ашаршылықты жоюда айтарлықтай оң өзгерістің болмауы жаһандану үдерісінің пайдалылығына қатысты күдік туғызып отыр.
Осыған байланысты біздің еліміздің ауыл шаруашылығы жаһандану қысымына тап болып отыр. Бұл ұсынылған жобада түрік ауыл шаруашылығына қатысты жаһандану құбылысының қандай қиындықтар әкелетіні мен мүмкіндіктер ұсынатыны талқыланады. Сонымен қатар Түркияның қазіргі жаһандануы мен әлемдік деңгейдегі жүріп жатқан жаһандану үдерісіне байланысты дүние ауыл шаруашылығы саясатында орын алып отырған өзгерістерге Түркияның бейім болуы қарастырылады. Түркияда Ұлттық Аграрлық жобасының, ел ауыл шаруашылығының бәсекелестік қабілетін арттыруда маңызды күш болғандықтан, маңызы зор.
2. Ұлттық ауыл шаруашылық жобасының негізгі сипаттамалары
Ұлттық ауыл шаруашылық жобасының ең маңызды қағидаларының бірі – агроөнеркәсіптік кешенде су басу негізінде өндірістік қолдауды қамтамасыз ету. Бұл түсінік шын мәнінде іске асса, үнсіз революция болатындығы және өте көп пайда әкелетіндігі анық. Түркияда Ұлттық аграрлық Жоба өнімдері жақсы өседі 941 су қоймасына анықталды. Стратегиялық түрде 19 өнім анықталды. Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігі бұл су қоймаларының қайсысы жақсы және аз ақша беретінін анықтау арқылы тиісті су қоймаларында егіс алаңдарын пайдаланушысы болып табылады. Барлық 941 су қоймасында бидай және жем зауыттары қолдауға ие болады.
Ұлттық ауыл шаруашылық жобасының шеңберінде жер реформасының да жоспарланған айта кету керек. Осыған байланысты, 184 жазық қорғау аумағы болып жарияланды және 2023 жылға дейін 7 млн. гектар жерді агрегациялау жоспарланды. Белгіленген жазықтарда құрылыс жұмыстары ең төменгі деңгейде сақталатын болады және бұл жерлер ең алдымен ауыл шаруашылық қызметіне бөлінетін болады. Агрегация және суландыру жұмыстары Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы министрлігінің қарамағында бір орталықтан басқарылады. Бір орталықтан басқару және жерді агрегациялау ауыл шаруашылығында өнімділікті айтарлықтай арттыруы мүмкін.
Ұлттық ауыл шаруашылығы жобасының мал шаруашылығы тармағында, мал тұқымын асылдандыру мақсатында импорттау көзделіп отыр. Екінші жағынан, 25 облысты жайылым шаруашылығын дамыту үшін арнайы өңірлер ретінде белгілеген. Белгіленген өңірлер, Түркияда жалпы жайылымдық жердің 52 пайызын, ірі қара малдың 32 пайызын құрайды. Бұдан басқа, экономикалық жерлер асыл тұқым өндірушілерге төмен бағада жалға беріледі.
Топырақты құнарландыру кеңсесі (ТҚК) Ұлттық ауыл шаруашылық жобасының тағы бір маңызды қадамы болып табылады. Бұл тұрғыда бағаның өзгерістерін және жалпы нарықты реттеуді қамтамасыз ету үшін ТҚК одан да маңызды міндет атқаратыны белгіленіп отыр.
Ауыл шаруашылығын қолдау ұлттық ауыл шаруашылық жобасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген қаржы қазірге дейін 14 квадриллион лираға жақындағанына қарамастан, көздеген өнімділік пен өнімділікті арттыруға қол жеткізу мүмкін болмай отыр. Ұлттық ауыл шаруашылық жобасында жылына екі рет ауыл шаруашылық жәрдемақыларын (бірі егіс уақытында, енді бір астық жинау уақытында) беру жоспарланып отыр және бұл мәселеде шашыраңқы құрылымның алдын алуға көзделіп отыр.
Ұлттық ауыл шаруашылық жобасының оң нәтижелерін төмендегідей жинақтауға болады.
Түркияның жалпы ауыл шаруашылығының «өндіріс» сомасы артады.
Тіпті де білімді және мамандандырылған фермерлік профиль құрылады (су қоймаларының өндірісі мен осыған байланысты қызметтер нәтижесінде).
Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру қамтамасыз етіледі.
Өндіріс көлемдері мен өнімділікті арттыру ауыл шаруашылық өнімінің бағасын төмендетеді және сайып келгенде елдің «азық-түлік қауіпсіздігін» және халықтың әл-ауқатын арттырады.
Ауыл шаруашылығына бағытталған «жер реформасы және оңалту» бойынша ілгерілеушілік болады. Жердің құнарсыздануы бәсеңдейді.
Түркия, ең алдымен өңірде және бүкіл әлемде неғұрлым маңызды «ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушыға» және аңызды ауыл шаруашылық ойыншысына айналады. Дүниежүзілік сауда ұйымында және осындай халықаралық платформалар мен форумдарда күшті позицияға ие болады. Бұл ірі ауыл шаруашылық ойыншыларының қатарына кіретін АҚШ пен ЕО елдерімен көптеген мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.
Табиғи ресурстарымызды (су, топырақ, энергия) тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі және барлық секторларда ресурстық шығындар азаяды.
«Климаттың өзгеруіне» қарсы күресте және жаһандық саясатты (Тараптар Конференциясы т.б. құрылымдар мен процестерде) анықтау процесінде Түркияның орынын нығайта түседі.
Еліміз халықаралық агроөнеркәсіптік білім беру және ақпараттық базаға айналады және көптеген сала бойынша жаңа үлес (агроөнеркәсіптік білім беру секторы, ауыл шаруашылық туризмі, білімге технологияларды трансформациялау артықшылығы және т.б.) қосады.
Ұлттық ауыл шаруашылық жобасы икемді және дамытуға ашық бір тұрғыда қарастырылған.
Бұл ұзақ мерзімді жобаның табысын арттыру үшін сақтық шаралары төменде келтірілген:
- Ауыл шаруашылығы туралы білім беру науқаны және бассейндік өндіріске параллель өндірушіге жинау аудандарында көмек берілетін тауарлар туралы қарқынды білім беру, жобаларды таныстыру мен бірге жергілікті деңгейде кең ауқымды семинарлар өткізу және қатысу деңгейін арттыру керек.
- Шет елдермен тығыз байланысы бар бірнеше университетті анықтап осы мекемелерде Ұлттық ауыл шаруашылық жобасын бағалайтын түрік немесе ағылшын тілінде ғылыми басылымдарды ғылыми орда да кенінен насихаттау.
- Ауыл шаруашылығының өндірісіне қажетті ен манызды заттардың бірі су болып табылады, сондық таң «әрбір тамшыдан көп өнім алу» қағидаты бойынша су ең тиімді түрде қолданылуы тиіс. Осы орайда су ресурстарын түгендеуді пайдалана отырып (Су деректер банкі) су ресурстарын басқару принциптерін ұлттық ауыл шаруашылық жобасының жүргізіп жатқан жұмыстарына қосылуы тиіс.
- Климаттың өзгеруі, құрғақшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес мәселелерінде халықаралық деңгейде Түркия қабылдаған және жүргізіп жатқан негізгі саяси көзқарастарын ұлттық ауыл шаруашылық жобасына қосылу керек. «Жасыл егіншілік» және «жақсы егіншілік» әдіс терінін ұлттық ауыл шаруашылық жобасы шеңберінде әзірленетін стратегиялық құжаттарға қосылуы.
- Ұлттық ауыл шаруашылық жобасы бойынша қажетті энергияны (жарықтандыру, сорғыту, жылыту және т.б.) қамтамасыз ету үшін жергілікті энергия көздерін (күн, жел, биомасса, геотермалдық) қолданылуында ауыл шаруашылығы өндірісінің процестерінде қолданылған жағдайда энергия шығындарын төмендету және ынталандыру шараларын колға алу керек.
- Этанол сияқты болашақ отындары арасында маңызды орын алатын био отын өндірісін жылжыту принциптерін қабылдау арқылы ұлттық ауыл шаруашылық жобасының тиімділігін арттыру.
- Био әртүрлілік тұрғысынан біздің еліміздің байлығын сақтау және дамыту туралы арнайы ережелерді анықтау арқылы Ұлттық Аграрлық жобамен интеграциялану.
- Ұлттық ауыл шаруашылық жобасын үлгі ретінде кейбір пилоттық жобаларда қолданғысы келген көршілес елдерге техникалық және білім беру жағынан қолдау көрсету керек. Осылай ұлттық ауыл шаруашылық жобасын «бренд» және «модель» ретінде аймағымызға және бүкіл әлемге экспорттау керек. Ұзақ мерзімде Түркияның аймағында «ауыл шаруашылығында ақпараттық базаға» айналуы (осы орайда жұмыс істеп келе жатқан институттар мен гендік банктарды жақсарту қажет) үшін керекті инфрақұрылымдарын құрылу керек.
- Ұлттық аграрлық жобаны халықаралық деңгейде тиісті платформаларда таныстыру, аграрлық секторға инвестиция, қаржыландыру және т.б. бағыттарда қызығушылықты арттыру керек.
Дереккөз:
Tarim.gov.tr. (2018). Tarımsal Araştırmalar ve Politikalar Genel Müdürlüğü. Алынған сайт: https://www.tarim.gov.tr/TAGEM Кіру күні: 31.01.2018.
Бұл блогта жарияланған пікірлер автордың жеке көзқарастары болып табылады, институттың көзқарасын білдірмейді.

