«Сарыарқа және Алтын Орда: уақыт пен кеңістік»
Алтын орданың 750 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция
Қарағанды қаласы, 2019 жылғы 23-25 қазан
Ғылыми әдебиет беттерінде Жошының ұлысын «Алтын Орда» деп атау қалыптасқан. Алтын Орда уақытында қала құрылыс және архитектура, сауда-экономикалық қатынас, саяси-әлеуметтік институттар қарқынды дамыды. Бұл үдерістер Қазақстан аумағын да қамтыды. 1269 жылғы Талас құрылтайының нәтижесінде Алтын Орданың империялық орталықтан толықтай тәуелсіздігі мойындалып, ағымдағы жылы аталған орданың негізі қаланғанына 750 жыл толып отыр.
Осы орайда Алтын орданың тарихы мен мәдени мұрасына қатысты өзекті зерттеулерді «САРЫАРҚА ЖӘНЕ АЛТЫН ОРДА: УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК» атты халықаралық ғылыми конференцияда талқылау жоспарланып отыр.
Конференция бағыттары:
- Жошы Ұлысының саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихы;
- Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, сақтау және насихаттау;
- Жошы Ұлысы: дала мен қала мәдениеті;
- Сарыарқадағы Жошы ұлысының тарихы мен мәдениеті;
- Ұлытау: Жошы ұлысының рухани және саяси орталығы.
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.
Конференция ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының әкімдігі; Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы; Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі; Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты; Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі; «Margulan center» Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 38.
e-mail: [email protected]
Телефон: Өмірбек Қанай+7 707 2013734
Сырым Есенов+7 775 9220040
Конференцияға қатысу өтінімі 2019 жылғы 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Өтінім үлгісі Қосымша 1 көрсетілген.
Конференция тақырыбына сәйкес ғылыми жинақ шығару жоспарлануда. Ғылыми жинаққа мақаланы 2019 жылғы 30 қыркүйегіне дейін [email protected] поштасына талапқа сәйкес (Қосымша 2) рәсімдеп жіберулеріңізді сұраймыз.

