Жұмысқа өтінім берудің соңғы мерзімі: 10 ақпан 2025 жыл
Негізгі талаптар: Доктор немесе магистр академиялық дәрежесінің болу
Жұмыс сипаттамасы: Еуразия ғылыми-зерттеу институты толық немесе жарты жұмыс күндік штат тәртібі бойынша бір жылдық келісімшарт негізінде ғылыми қызметкерлерді жұмысқа қабылдайды. Ғылыми қызметкерден институт жүргізетін ғылыми ісшаралар мен ішкі ұйымдастыру жұмыстарына белсенді атқару талап етіледі. Сондай-ақ, ғылыми мақала жазу, ғылыми жобаларға (үкіметтік яки халықаралық) қатысу, институт өткізетін ісшараларды жүзеге асыруға атсалысу жалпы міндеттерге кіреді.
Институт келесідей: экономика, қаржы, энергетика, саясат, сыртқы саясат, қауіпсіздік, аймақтағы елдер мен басқа елдер арасындағы қарым-қатынас, қоршаған орта, миграция, климаттың өзгеруі, технология, тіл, дін, философия, тарих, мәдениет, өнер, әлеуметтану сияқты бағыттар ғылыми зерттеулер жүргізеді. Еуразия ғылыми-зерттеу институты ғылыми қызметкердің ғылыми қабілеті мен тәжірибесіне сай лайықты жалақы тағайындайды.
Академиялық біліктілік:
Ағылшын тілін (upper-intermediate) деңгейінде білу үміткерге артықшылық береді. Қазақ және орыс тілдерін академиялық дәрежеде білу басты талап болса, түрік тілін білу үміткерге үлкен мүмкіндік.
Әлеуметтік ғылымдар, экономика, халықаралық қатынастар, аймақтық қауіпсіздік тақырыптарында ғылыми-зерттеу жүргізе алуымен қатар институттың ғылыми салалары бойынша магистр немесе доктор дәрежесінің болуы маңызды.
Ғылыми журналдарда жарияланымдарының болуы;
Академиялық жазу дағдысы жоғары деңгейде болуы өте маңызды;
Іс тәжірибесінде үкіметтік немесе халықаралық ғылыми жобаларда орындаушы яки жетекші болған үміткерге үлкен артықшылық туғызады;
Үміткер төменде көрсетілген құжаттар тізбесін электрондық түрде жолдауы қажет:
Үміткерлер келесі құжаттарын doc немесе pdf форматында [email protected] электрондық пошта мекенжайына жіберу арқылы өтініш бере алады.
а) «Ғылыми қызметкер» лауазымына оқу және жұмыс тәжірибені сипаттайтын өтініш хаты;
б) Академиялық журналдағы жарияланған мақалалары;
Бос орын туралы кез келген сұрақты және құжаттарды келесі эл.поштаға жолдаңыз: [email protected].