Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Атырау облысы әкімдігі
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК, Атырау облысы әкімдігі, Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды. Конференция 2019 жылы 9-11 қазан күндері Атырау қаласында өтеді.
Қаралатын мәселелер
– Әлем тарихындағы Жошы ұлысының (Алтын Орданың) рөлі;
– Жошы Ұлысының тарихи және мәдени мұрасы;
– Сарайшық – Жошы ұлысының рухани астанасы;
– Ортағасырлық қазақ мемлекеттілігінің генезисі.
Секциялар:
– Жошы ұлысының (Алтын Орданың) деректану, тарихнама, археология және нумизматикалық мәселелері;
– Жошы Ұлысының тарихы мен мәдениеті;
– Ұлы дала өркениеті мен мемлекеттілігі.
Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:
1. Көлемі 6 беттен кем емес компьютер басылымында Times New Roman шрифтімен, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал.
2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автор (авторлардың) аты-жөні, жұмыс орны жазылады.
3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1, 5 б.] беріледі.
4. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілуі керек.
5. Конференцияға тіркелу 2019 жылдың 25 тамызына дейін. Ал баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2019 жылғы қыркүйек айының 20-на дейін mi************@ma**.ru поштасына жіберілуі тиіс. Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады. Ұйымдастыру алқасы сапасыз, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтаруға құқылы.