17

January 17, 2019

Париж университеті (Сен-Дени) Француз геосаяси ғылымдар институтының магистранты Клотильда Тривин «Белдеу және жол» бастамасы және қазақ халқының ұлттық болмысы» атты тақырыпта семинар өткізді

Клотильда Тривин өткізген семинарында қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуы және қазіргі халықаралық қатынастарда Қытай үкіметі бастамашы болған «Белдеу және жол» ұғымы туралы мағлұмат беріп, бұл жобаның Қазақстан үшін пайдасы мен қауіптері туралы сөз қозғады. «Белдеу және жол» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық болмысын зерттеу барысында Тривин «қазақ» және «қазақстандық» деген […]
January 17, 2019

2019 жылы 17 қаңтарда Париж университеті (Сен-Дени) Француз геосаяси ғылымдар институтының магистранты Клотильда Тривин «Белдеу және жол» бастамасы және қазақ халқының ұлттық болмысы» атты тақырыпта семинар өткізді.

Клотильда Тривин өткізген семинарында қазақ халқының ұлттық болмысының қалыптасуы және қазіргі халықаралық қатынастарда Қытай үкіметі бастамашы болған «Белдеу және жол» ұғымы туралы мағлұмат беріп, бұл жобаның Қазақстан үшін пайдасы мен қауіптері туралы сөз қозғады. «Белдеу және жол» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық болмысын зерттеу барысында Тривин «қазақ» және «қазақстандық» деген ұғымдарға кеңірек тоқталып, елде белең алып жатқан интеграциялық үдерістерге көңіл бөлді.