February

February 28, 2020

2020 жылдың 28 ақпанында Қожа Ахмет Ясауи университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институтында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану: отандық және шетелдік зерттеулер» атты ғылыми талқы өтті.

«Абайтану: отандық және шетелдік зерттеулер» тақырыбындағы ғылыми талқыға абайтанушы ғалымдар мен Еуразия ғылыми-зерттеу институтының барлық зерттеушілері қатысты. Ғылыми талқыда кіріспе сөз сөйлеп, сонымен бірге модератор болған Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер Абай Құнанбайұлының Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және ұлы тұлғалардың бірі екенін айтты. Қожа Ахмет Ясауи […]
February 27, 2020

2020 жылдың 27 ақпанында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Насиба Джунаева «Қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесі» тақырыбында семинар өткізді.

PhD докторы Насиба Джунаева семинарында қазіргі таңда әйел мәселесі туралы ғылыми зерттеулер күн тәртібінде тұрғандығына назар аудара отырып, XIX ғасырдың басындағы әйел тақырыбындағы әдеби шығармалар туралы баяндады. Ол қазақ әйелдерінің өмірде кездескен мәселелерінің себептерін түсіндіріп, қазақ зиялыларының пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, аталған мәселелерді жою бойынша Қазақстанда атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. […]
February 20, 2020

2020 жылы 20 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Досбол Байғұнақов «Ежелгі дәуір мен орта ғасыр: ортақ мұра және тарихи-мәдени сабақтастық» тақырыбында семинар өткізді.

Т.ғ.д., профессор Досбол Байғұнақов семинарды өзін таныстырудан бастады. Бұдан бұрын Еуразия ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істегенін айта отырып, институттың барлық қызметі мен жарияланымдарын мұқият қадағалап отыратынын мәлімдеді. Көптеген жылдар бойы ежелгі дәуір мен орта ғасыр бойынша ғылыми зерттеулермен айналысқан т.ғ.д., профессор Досбол Байғұнақов жақын арада осы зерттеулердің нәтижесінде пайда болған еңбегі […]
February 18, 2020

2020 жылы 18 ақпанда Қажы Байрам Вели университеті Байланыс факультетінің деканы, профессор, доктор Закир Авшар «Тиімді байланыс» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзінен басталды. Доцент, доктор Вакур Сүмер өз сөзінде профессор, доктор Закир Авшарға семинар жасауға келгені үшін алғысын білдіріп, оның атқаратын қызметі туралы қысқаша мәлімет берді. Профессор, доктор Закир Авшар семинарды өзін таныстырудан бастап, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен танысып, Қазақстанға келгендегі […]