March 2020

March 31, 2020

«Ұлы дала данышпаны – Абай Құнанбайұлы» кітап тарауларына байқау

«ҰЛЫ ДАЛА ДАНЫШПАНЫ – АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ» (Туғанына 175 жыл толуына орай) КІТАП ТАРАУЛАРЫНА БАЙҚАУ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлы Дала данышпанының тұлғалық болмысы мен мұрасын түрлі қырынан қарастыратын халықаралық баспадан шығатын рецензиялы кітаптың тарауларын жазуға байқау […]
March 31, 2020

«Ұлы дала данышпаны – Абай Құнанбайұлы» кітап тарауларына байқау

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Ұлы Дала данышпанының тұлғалық болмысы мен мұрасын түрлі қырынан қарастыратын халықаралық баспадан шығатын рецензиялы кітаптың тарауларын жазуға байқау жариялайды.
March 12, 2020

2020 жылғы 12 наурызда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Өмірбек Қанай «Орта ғасырлық Еуропа карталарындағы Қазақстан» тақырыбында семинар өткізді.

Өмірбек Қанай семинарында карталар тарихты зерттеудің ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтіп, орта ғасырлық Еуропа карталарындағы Қазақстан аумағы мен тарихи топонимдер туралы баяндап берді. Өмірбек Қанай ерте және жоғары орта ғасырларда бүкіл Еуразия аймағын, соның ішінде Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалар Еуропаның тарихи дерек көздерінде «скифтер» немесе «сақтар» деп аталғанын, […]
March 5, 2020

2020 жылы 5 наурызда Ахмет Ясауи университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтында PhD докторы Жақсылық Сәбитов «Кәсіби және ұлттық тарих контексіндегі Алтын Орда мемлекеті» тақырыбында семинар өткізді.

Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер кіріспе сөзін семинарға қатысқан құрметті қонақтармен сәлемдесумен бастады. Алтын Орда мемлекеті тек Қазақстанның тарих сахнасында ғана емес, сондай-ақ, Еуразия аймағында да көптеген жылдар бойы үстемдік құрған алып империя болғанын тілге тиек еткен доцент, доктор Вакур Сүмер бүгінгі күнге дейін Ахмет Ясауи университеті […]