April

April 30, 2020

2020 жылдың 30 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Әсет Ордабаев «Пандемия кезіндегі халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында семинар өткізді.

Әсет Ордабаев семинарында COVID-19 вирусы туралы қысқаша мағлұмат беріп, бұл індет бүкіл әлемдегі саяси жүйелер үшін үлкен сынақ болғанын мәлімдеді. Ол жаһандану жағдайында өте жоғары жылдамдықпен әрі қауіпті ауқымда таралып жатқан індетке қарсы күресте әлем елдерінің өздігінен әрекет етуді жөн көргендерін айтты. Әсет Ордабаев кейбір халықаралық ұйымдардың бүкіл әлем бойынша […]
April 23, 2020

2020 жылдың 23 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері профессор, доктор Гүлнар Надирова «Дін және мемлекет: Кеңес билігінің алғашқы онжылдығы» атты семинар өткізді.

Профессор, доктор Гүлнар Надирова семинарында Кеңес Одағы кезіндегі дін мен мемлекет арасындағы қатынастардың дамуы туралы мағлұмат берді. Надированың айтуынша, дін-мемлекет қатынастарының тарихына қатысты түсінігіміз жақында мұрағат құжаттарының пайда болуының нәтижесінде бірқатар өзгерістерге ұшырады. Жаңа деректерді тарихи оқиғалармен салыстыра отырып, осы тақырып бойынша жаңа көрініс қалыптастыра аламыз. 1918 жылы КСРО Халық […]
April 15, 2020

16 Nisan 2020 t2020 жылы 16 сәуірде ғылыми қызметкер Қанат Маханов «1979 жылдан бері Қазақстандағы демографиялық өзгерістерді кеңістіктік талдау» атты тақырыпта семинар өткізді.arihinde araştırmacımız Kanat Makhanov “1979’dan bu yana Kazakistan’da Demografik Değişimin Alansal Analizi” başlıklı seminer verdi.

Қанат Маханов семинар барысында 1999-2009 жылдар аралығында Қазақстан халқының таралуына тоқталып, қолданылған деректер әртүрлі ашық дереккөздерден, соның ішінде халық санағынан алынғанын айтты. Маханов талдаған мәліметтердің ең маңызды тұсы ретінде алғаш рет Қазақстан халқы туралы аймақтық деңгейде күнделікті географиялық ақпараттың берілуін айтты. Ол деректердің 1979-2019 жылдар аралығын қамтыған 40 жылдық кезең […]
April 10, 2020

2020 жылдың 15 сәуірінде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер «2020 жылдың 10 сәуірінде өткен Түркі кеңесінің төтенше саммиті» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Доцент, доктор Вакур Сүмер семинарында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бірінші төтенше саммиті өткенін атап өтіп, оның символдық мағынасы бар екенін айтты. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен шақырылған бұл Саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, […]
April 9, 2020

2020 жылғы 9 сәуірде Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмер «COVID-19 індеті және оның Орталық Азияға әсері» тақырыбында семинар өткізді

Доцент, доктор Вакур Сүмер семинарында Еуразия ғылыми-зерттеу институты тарапынан өткізілетін семинарлардың COVID-19 індеті салдарынан бұдан былай онлайн-семинарлар ретінде жалғасатынын атап өтті. Доцент, доктор Вакур Сүмер 2020 жылдың басында Қытайда пайда болған COVID-19 індеті мұнай бағасының жаһандық деңгейде құлдырауының басты себептерінің бірі екенін айтып, Сауд Арабиясы мен Ресей арасындағы дау-дамайға байланысты […]