May

May 28, 2020

2020 жылдың 28 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Еркінбек Тұрғынов «Қазақстан астанасын көшіру себептері» атты тақырыпта семинар өткізді.

Еркінбек Тұрғынов семинарында 1917 жылы Алаш зиялылары таңдаған Семей қаласынан бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 32 өлшем бойынша таңдаған Нұр-Сұлтан қаласына дейін астана болған қалалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтті. Тұрғынов сонымен бірге астананы өзгерту немесе көшіруге қатысты әлемдік тәжірибе мен мұндай шешім нәтижесінде туындаған кейбір қиындықтар […]
May 28, 2020

2020 жылы 28 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған семинарда Сельчук университеті экономика бөлімінің профессоры, доктор Фатих Мангыр «Covid-19 індеті кезіндегі Еуразия экономикалары» атты баяндама жасады.

Профессор, доктор Фатих Мангыр семинарында коронавирус (ғылыми атауы «COVID-19») індеті әлемдік экономикаға бұрын-соңды болмаған деңгейде әсер еткенін мәлімдеді. Денсаулық пен экономика арасындағы байланыстың маңыздылығын атап өткен баяндамашы әлемдегі COVID-19 індеті туралы статистикалық ақпаратқа назар аударды. Түркияда COVID-19 індеті басталған күндері өлім-жітім деңгейі 10% шамасында болғанын, ал қазіргі уақытта 1%-ға дейін […]
May 21, 2020

2020 жылы 21 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері доктор Дәурен Әбен «Қазақстанның әскери қоймаларындағы жарылыстар: алынбаған сабақтар» тақырыбында семинар өткізді.

Дәурен Әбен семинарында 2019 жылдың шілде айында Қазақстанның Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар болғанын және оның нәтижесінде үш адам қаза болып, көптеген адам жарақат алғанын тілге тиек етті. Дәурен Әбен жарылыс салдарынан 44 мың адам эвакуацияланғанын және бұл оқиға үлкен әлеуметтік мәселелер туғызғанын айтты. […]
May 14, 2020

2020 жылы 14 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері доктор Жандос Ранов «COVID-19 індетінің Таяу Шығыс пен Орталық Азияға әсері» тақырыбында семинар өткізді.

Доктор Жандос Ранов семинарында коронавирус (ғылыми атауы «COVID-19») індетінің әлемге таралуына байланысты 2020 жылы Таяу Шығыс пен Орталық Азия аймағындағы экономикалық өсу 2,8%-ға дейін төмендейтінін тілге тиек етті. Бұл – 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі өсу қарқынынан және 2015 жылғы мұнай бағасының құлдырауынан әлдеқайда төмен көрсеткіш. «COVID-19» індеті басталғаннан […]
May 10, 2020

10 Mayıs 2020 Tarihinde Tobb Etü Uluslararası Girişimcilik Bölümü Öğretim Üyesi Dr. Ali Oğuz Diriöz, “COVID-19 Ve Ötesi: Dünya Siyaset Ve Ekonomisinde Beklentiler” Başlıklı Seminer Verdi.

Dr. Ali Oğuz Diriözseminerinde, “COVID-19”mücadelesinde dünyanın bir çok yerinde, ulus devletin küreselleşme karşısındaki önemini anlattı. Devletlerin ulusal sağlık sistemleri ne kadar güçlü ise, “COVID-19”salgınına karşı o kadar daha iyi mücadele verebildiklerini ifade etti. Türkiye’nin genel olarak sağlık sistemine değinen Dr. Ali Oğuz Diriöz, bu süreçte sağlık çalışanların ortaya koyduğu çalışma […]
May 7, 2020

2020 жылдың 7 мамырында Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Динара Талдыбаева «ТРАСЕКА көлік дәлізінің кеңеюі және қатысушы елдер үшін басымдықтары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарында Динара Талдыбаева ТРАСЕКА (Еуропа-Кавказ-Азия көлік дәлізі) бағдарламасы туралы қысқаша мағлұмат беріп, бұл бағдарлама Еуропалық Одақтың бастамасымен жүзеге асырылғанын жеткізді. ТРАСЕКА бағдарламасының тарихын баяндаған Динара Талдыбаева сонымен қатар бағдарламаның географиялық негіздеріне де егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Жібек жолын қайта жандандыру мақсатында мультимодальды тасымалдау үшін қалыптастырылып, дамытылған Шығыс-Батыс дәлізі туралы келісімге 1993 […]