21

May 21, 2020

2020 жылы 21 мамырда Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері доктор Дәурен Әбен «Қазақстанның әскери қоймаларындағы жарылыстар: алынбаған сабақтар» тақырыбында семинар өткізді.

Дәурен Әбен семинарында 2019 жылдың шілде айында Қазақстанның Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар болғанын және оның нәтижесінде үш адам қаза болып, көптеген адам жарақат алғанын тілге тиек етті. Дәурен Әбен жарылыс салдарынан 44 мың адам эвакуацияланғанын және бұл оқиға үлкен әлеуметтік мәселелер туғызғанын айтты. […]