Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда в.ғ.к., профессор Қайсар Табынов, өз сөзінде бүкіл әлем COVID-19 пандемиясымен әлі де күресіп жатқанын айта отырып, Қазақстан мысалында эпидемияға қарсы вакциналық зерттеулердің соңғы жағдайын түсіндірді. Кейбір аймақтарда оптимистік жағдай болғанымен, жалпы эпидемия қаупі артып келе жатқанын айтқан в.ғ.к., […]