23

September 23, 2021

2021 жылдың 23 қыркүйегінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Алмас Жүнісбаев «Орталық Азиядағы медицина мен денсаулық (тарихы мен сабақтастығы)» тақырыбында семинар өткізді.

Алмас Жүнісбаев семинардың басында таяу заманғы жұқпалы аурулар, індеттер мен пандемиялар туралы қысқаша мәлімет берген соң, Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау саласының қазіргі таңдағы жағдайын баяндай отырып, аймақ елдеріндегі медициналық және денсаулық сақтау жүйелерінің қалыптасу тарихы мен басты ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Мемлекеттік статистикалық органдар мен дүние жүзі елдерінің […]