Соңғы 10 жылда жаһандық экономикалық дағдарыстар, көші-қон ағындары, эпидемиялық аурулар сияқты көптеген оқиғалар орын алып, бұлардың әртүрлі салдарға әкелгені мәлім. Көптеген елдерде осы жағымсыз жағдайлардың экономикадан бастап саяси және тіпті әлеуметтік өмірге дейін әсер еткенін көріп отырмыз. 2008-2009 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін бірнеше жыл ішінде әлем елдері экономикасының макро деңгейде біршама қалпына келгені байқалды.