«Жұмсақ күш» терминін Джозеф Най 1990 жылы қырғи қабақ соғыстың аяқталуы кезінде американдық геосаясаттың дамуын сипаттайтын стратегия ретінде ұсынды. Осы стратегияның көмегімен сарапшылар халықаралық қатынастардағы елдердің пайдасына оң имидж қалыптастыратын жанашырлық құралдарын құруды мақсат етті. Әлемдік саясатта күн тәртібін қалыптастыруға деген ұмтылыстың әлі де болуы, әскери күш пен әлемдік масштабтағы саяси қысым өзінің тартымдылығын жоғалта бастағаны үшін жаңа әдістерді енгізу керек болды.

