2011 жылы Сирияда режим күштері мен оппозициясы арасында басталған қақтығыс азаматтық соғысқа ұласып, жақын тарихтағы ең үлкен көші-қон ағындарының бірін тудырды. Қауіпсіздік мақсатында үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған миллиондаған сириялықтар ел ішіндегі қауіпсіз аймақтарға, көрші елдерге, тіпті әр түрлі Еуропа елдеріне қоныс аударуда. Егер бұл көш ұдерісін сандық мәліметтер арқылы айтқанда, 6,6 миллионнан астам адам елдің басқа аймақтарына қоныс аударған болса, 2021 жылдың 19 мамырындағы жағдай бойынша, Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының мәліметтерінде тіркелген 5 602 649 сириялық шетелде тұрады.

