Қазіргі таңда 19 миллионға жақындап қалған Қазақстан халқының орташа жасы 2020 жылғы мәлімет бойынша 30,7-ні құрап отыр. Осы орташа көрсеткішпен әлемде 114-ші орында тұрған Қазақстан халқының жартысына жуығы 29 жасқа толмаған. Жастар туралы заңда және басқа да ресми құжаттарда жастар ретінде қабылданған 14-29 жас аралығындағылар жалпы халықтың 22,3%-на сәйкес келеді. Сонымен осы мақаламызда Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап қазірге дейінгі жастар саясатына қысқаша шолу жасайтын боламыз.