Атом ядросының бөлінуі, бірігуі немесе екеуінің қоспасы арқылы химиялық реакциясы нәтижесінде жарылыс жасайтын қаруды ядролық қару деп атауға болады. Ядролық қаруды халықаралық қатынастарда бірінші рет Америка құрама штаттары (АҚШ) Жапонияға қарсы 1945 жылы 6 және 9 тамызда қолданды. Әлемде ядролық қаруды сынақтан өткізген сегіз егемен мемлекет бар. Олардың бесеуі Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) сәйкес «ядролық қарулы мемлекеттер» деп танылды.

