Қазақстанның табиғи және климаттық жағдайына байланысты ауыл шаруашылығының бірнеше бағыты жолға қойылған. Оның ішінде мал шаруашылығы, бау-бақша, егін шаруашылығы және балық шаруашылығы кеңінен дамыған. Қазақстанның жалпы жер көлемінің 80% жуығы ауыл шаруашылығына қолайлы болып табылады. Ал оның 11% жуығы егістікке арналған жерлер болып есептеледі. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 22,582,3 мың гектар аумағы ауыл шаруашылық дақылдарын егуге арналған жер. Оның ішінде Түркістан облысы аумағында 847,9 мың гектар жер ауыл шаруашылығы егістіктеріне пайдаланылады.