2021 жылы 8 желтоқсанда Германия федеративтік республикасының 20-шы шақырылымдағы Федералды мәжілісіндегі (Бундестаг) дауыс беруде социал- демократиялық саясаткер Олаф Шольц елдің жаңа федералды канцлері болып бекітілді. Бундестагтағы 736 депутаттың дауыс беруге қатысқан 707-сінің 395-інің қолдауына ие болған Олаф Шольц ресми түрде Германия канцлері ретінде ант берді. Осылайша Германияның да, Еуропалық Одақтың да (ЕО) саяси тарихында маңызды із қалдырып 16 жыл үзіліссіз канцлер қызметін атқарған Ангела Меркельдің дәуірі аяқталды. Ендеше, Меркельден кейінгі Германияның болашағы жаңа канцлер Олаф Шольц кезінде қалай қалыптасатыны талқылауды қажет ететін мәселенің бірі.