Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмердің кіріспе сөзімен басталған семинарда Филиппо Верре трансшекаралық су ресурстары бойынша халықаралық келіссөздер мен келісімдер барлық жағынан өте күрделі үдеріс екенін мәлімдеді. Аймақта үлкен өзендердің болуына қарамастан, Сирия мен Түркия арасындағы су ресурстарын пайдалану саласындағы шиеленістер 1970-2000 жылдары аралығында бірнеше рет болғанын айтты. Ол мұндай су негізіндегі мемлекетаралық қақтығыстар Таяу Шығыс аймағында жиі болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол, әсіресе, 2000 жылдан кейін мұндай мәселелердің азайып, суға байланысты екі ел арасындағы қатынастардың қалыпқа келе бастағанын атап өтті.
Филиппо Верре, Түркияның Оңтүстік-Шығыс Анадолы жобасын (GAP) жүзеге асырып, көптеген бөгеттер мен электр қуатын өндіретін қондырғылар құрып және аймақты дамыту үшін суды пайдалану қадамдарын Сирия құптамаса да уақыт өте келе олардың арасындағы мәселелердің дипломатия арқылы шешілгенін айтты. Екінші жағынан, сумен байланысты мәселелер тек өз тақырыбында ғана емес, сонымен қатар электр энергиясы, экологиялық проблемалар, саяси және қауіпсіздік мәселелері сияқты мәселелерге әсер етіп, бұл шешім үдерістерін қиындататынын атап өтті. Осы тұрғыда су мәселелерін мемлекеттен жоғары құрылым арқылы бақылауының, мәселелердің екі ел арасындағы қатынастар арқылы шешуді талап етедіндігін және бұл нәтижеге жетуде түрлі қиындықтар туғызатындығын мәлімдеді.
Филиппо Верре, Түркия және Сирия арасында1990-шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдың алғашқы он жыл ішінде жасалған бірнеше келісімнің екі елдің су ресурстарын пайдалануда айтарлықтай жетістіктерге жетуге мүмкіндік бергендігін айтты. Алайда, ол 2011 жылдан бастап Сирияда басталған азамат соғысы салдарынан елдің хаосқа ұшырауы осы оң үдеріске теріс әсер еткенін жеткізді. Ол Сириядағы шарттар шеңберінде бұл саладағы ынтымақтастықтың жақын болашақта алға басуы мүмкін емес екендігін болжады. Верре, шекаралас екі елдің суды тиімді пайдалану үшін инфрақұрылым құра алатындықтарын және бұның Түркия мен Сирия үшін тиімді болатынын айтты.
Семинар қатысушылардың тақырып бойынша әр түрлі ойларымен бөлісуі және сұрақ-жауаптарымен аяқталды.