Панелдің ашылу сөзінде Кырыккале университеті Эконометрика кафедрасы Халықаралық экономикалық зерттеулер мен туындылар қорының төрағасы, профессор доктор Харун Өзтүрклер бірлескен пікірталастың маңыздылығын атап көрсетті. Ол пандемия жаһандану үрдісіне айтарлықтай әсер еткенін атап өткен Өзтүрклер, эпидемия бүкіл әлемдегі ғаламдық құндылықтар тізбегіне деген көзқарасты өзгерткенін жеткізді. Профессор, доктор Харун Өзтүрклер пандемияның түркі әлемі елдерінің экономикасына әсерін талқылауды ұсынды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Вакур Сүмер панель баяндамашыларын таныстыра келіп, эпидемияның Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әсеріне тоқталып, олардың дағдарысқа қарсы саясатына шолу жасады. Сонымен қатар доцент, доктор Вакур Сүмер баяндамашыларды аймақтық ықпалдастық үрдісі мен жаңа сауда келісімдерін талқылауға шақырды әрі Орта азиядағы жағдайға талдау жасады.
Панельдің алғашқы баяндамасын профессор, доктор Мұхаммед Бенли жасады. Жаһандану мәселелеріне тоқталып, эпидемияның әлемдік саудаға әсерін тілге тиек еткен Бенли, жаһандану халықтың ішкі және сыртқы әлеуетіне әсер ететіндігін және бұл мәселе әр мемлекет үшін маңызды екенін айтты. Эпидемияға байланысты әлемдік сауданың өзгеруі көптеген елдердің экономикалық жағдайына әсер еткенін атап өтіп, маңызды ақпараттар ұсынды. Ол жаһандану одан әрі дами береді деген тұжырым жасады.
Панельдің жалғасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Қанат Маханов пандемия кезіндегі Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткіштері туралы мәліметтермен бөлісті. Махнаовтың айтуынша, біріншіден, эпидемия елдің жалпы экспортының 2/3 бөлігін құрайтын мұнай экспортына әсер етті. 2020 жылдың басында мұнай бағасының шұғыл төмендеуіне байланысты Қазақстанның экспорт көлемі 19%-ға, жалпы тауар айналымы 13%-ға төмендеді. Алайда, мұнай бағасының барлық уақыттағы ең төменгі деңгейге дейін күрт төмендеуінен кейін, экономикалар шектеу шараларын біртіндеп босата бастаған кезде бағалар тез қалпына келе бастады. Вакциналардың пайда болуы туралы жаңалықтар қоғамға әсер етіп, оптимизмнің басты себебі болды. Осы факторлардың арқасында 2020 жылдың соңында мұнай бағасы өте тез қалпына келді. Қазақстанның сауда айналымының тез қалпына келуінің тағы бір факторы әр түрлі металдардың, кендердің және басқа да астық сияқты экспортталатын тауарлардың қымбаттауы болды. Қазақстан бұл тауарлардың айтарлықтай ірі экспорттаушысы болып, бағалардың оң динамикасы сыртқы сауданы жандандыруда да маңызды рөл атқарды. Әсіресе көміртегінен тазартудың қазіргі тенденциялары және таза энергия көздеріне ауысу түрлі металдар бағаларына оң әсер ететіндігін атап өткен жөн. Мәселен, 2020 жылдың соңынан бастап электр қозғалтқыштары өндірісінің өсуіне байланысты мыс бағасының тез өсуі байқалады. Сонымен қатар, тұтынушыларға таза энергияны жеткізумен байланысты қосымша электрлендіру, әсіресе мысты арттыру жақын болашақта сұранысқа ие болмақ. Қазақстан мыстың негізгі экспорттаушысы екенін ескере отырып, осындай шикізаттан экспорттық кірістің айтарлықтай өсуін күтуге болады. Жалпы, 2020 жылғы пандемия Қазақстанның сыртқы саудасына кері әсерін тигізгені сөзсіз. Алайда, жағымсыз тенденциялар ұзаққа созылмады, содан кейін барлық тауар нарықтарында айтарлықтай тез қалпына келді.
Панельдің соңғы баяндамасын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Әзімжан Хитахунов жасап, пандемия кезіндегі Өзбекстанның сыртқы сауда оқиғаларына тоқталды. Эпидемияның Өзбекстанның экспорты мен импорты көрсеткіштерінің төмендеуіне себеп болғаны туралы ақпарат берген доктор Әзімжан Хитахунов Өзбекстаннан Ресей мен Қытайға табиғи газ жеткізу мысалында экспорттың айтарлықтай төмендегенін айтты. Доктор Әзімжан Хитахунов Өзбекстанның дағдарысқа тез бейімделу және жаңа нарық іздеу қабілетін өзіндік сауда әлеуетін пайдалану арқылы көрсеткендігін атап өтіп, Еуразиялық экономикалық одақта бақылаушы мәртебесін алған Оңтүстік Корея және Түркия елдермен сауда келіссөздерін жүргізіп жатқанын, сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымымен байланыс орнатқанын әңгімеледі.
Панельдің соңында қатысушылар пандемиямен қатар, жаһандық және аймақтық геосаяси және геоэкономикалық өзгерістер шеңберінде аймақ елдері арасындағы саяси және сауда-экономикалық қатынастардың қалай дамитыны туралы пікір алмасты.